..."/>
САЯХАТ

Экспедиция жолға шықты

 1beb3387-6653-4bd8-a91b-f33259bb6489

«Алтай мұралары» атты халықаралық автоэкспедиция 4500 шақырымды еңсеріп, 10 күннен астам сапарлау үшін жолға шықты.

Экспедиция ғалымдар, жазушылар, этнограф-тарихшылар, өнер және қоғам қайраткерлерінен жасақталған 20 адамнан тұрады. Жол талғамайтын бес көлікпен сапар шегетін топ мүшелері түркі халықтарының шежірелі аймағының мәдени-тарихи орындарында боламыз деп жоспарлап отыр. Он күннен астам уақыт аралығында автоэкспедиция Қазақстаның Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын аралайды, Ресейдің Алтай аймағындағы елдімекендерге, соның ішінде Барнаул, Таулы Алтай, Қосағаш, Артыбаш секілді өңірлерге соғатын болады. Жоспарға сәйкес, автосапар Абай мен Шәкәрім мемориалдық кешенін, Құнанбай мешітін, Кеңгірбай би ескерткіші, Мамай батыр кесенесі, Тоқтамыс батыр кесенесі сондай-ақ Көкбай ақын мұражайын аралайды. Нысан абыз ескерткішіне, Ақтамберді жырау кесенесіне тәу етіп, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу шатқалына, «Қоңыр әулие» үңгіріне де соғатын болады.

78ef1df2-ca88-49ad-8099-e0bf40b3e02b

Экспедиция бойынша жинақталған материалдар негізінде деректі фильм түсіріліп, фотокөрме өткізу жоспарланған. Жоба мақсаты өркениеттер өрістеген өлке – Алтайдағы тарихи-мәдени мұралар мен ескерткіштерді аралап, оларды кеңінен насихаттауға, ел аумағында автомобильдік туризмді дамытуға үлес қосу. Бұнымен қоса, автосапар барысында топ мүшелері халыққа Тәуелсіздік жетістіктерін паш етіп, ішкі туризмді дамытуға көпшіліктің назарын аудармақ, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне үн қосуды, сонымен қатар ұлттық салт-сана мен дәстүр тереңдігін ұғындыруды да міндетке алған.

273506da-b996-45ef-971b-585b90060722

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған сапарға «National Geographic Қазақстан» журналы ақпараттық қолдау білдіріп отыр. Алдағы уақытта оқырмандарымызға экспедиция барысынан фоторепортаждар ұсынатын боламыз.

d74496d3-b92a-4ba1-8925-799223787d3c

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля