..."/>
ЗЕРТТЕУ

Жедел өрлеу

Three-Gorges-Dam

Қытайдың ХХІ ғасырдағы дамуының негізі – бетон. Расында да, елдегі цемент өндірісі 1980 жылдан бері 3000 пайызға күрт өскен. Қытайда 2012 жылдан бері өндірілген цемент көлемі АҚШ-тың 1900 жылдан бастап өндірген цемент көлемінен асып түседі.
Бұның барлығы қайда кетеді? АҚШ Геология қызметінің геологы Хендрик ван Остың айтуынша: «Бұл жаппай урбанизация­ланудың нәтижесі. Ірі қалалар мен үлкен автомагистральдарға қарасаңыз, қытайлар оларды салуда алдына жан салмайды». Цемент ағаш пен болатқа қарағанда арзанырақ тұратын құрылыс материалы болғандықтан, Қытайдағы ең ірі құрылыстарда көп пайдаланылады. Олардың ішіндегі ең үлкені «Үш сай» бөгетіне 11 миллион метр тонна цемент жұмсалған, бұл Ұлыбританияның бір жылдық өндірісінен көп.
Дегенмен мұның кері жағы да бар. АҚШ зерттеуіне сүйенсек, цементті, әсіресе ескірген зауыттарда өндіру өте көп мөлшерде көмірқышқыл газын бөліп, жалпы антропогендік қалдықтардың бес пайызын құрайды екен. Қытай бүгінде бүкіл әлемдегі цементтің тең жартысын өндіреді.

 Дэниэл Стоун

 

002

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля