..."/>
ЗЕРТТЕУ

Ұша ма, қалықтай ма?

«Неотропикалық ылғалды орманның жас бұталары арасымен жүрсеңіз, ерекше көрініске тап боласыз. Өзенді бойлай ағып бара жатқан жапырақтар тәрізді қанаты қоңыр немесе ашық түсті көбелектер орман көгалы үстімен қалқып ұшып жүр», – дейді Жаңа Орлеан университетінің энтомологы Филип Деврис.

kobelek

Haeterini көбелектері мен Satyrini тұқымдастарының жынысы, табиғи ортасы және қанатының пішіні қанатын сермеп ұшатын көбелектерден  қалықтап ұшатын көбелектерді  ерекшелендіріп тұрады.

Көбелектер «жер әсері нәтижесі» деп аталатын көрініс көрсетуде. Жер әсері нәтижесі дегеніміз – жоғары көтерілуді күшейтуге және баяу қозғалуды бәсеңдетуге алып келетін, қанаттар белгілі бір нәрсенің бетіне жақындаған сәтте орын алатын аэродинамикалық құбылыс. Егер сіз ұшақ жерге қонатын кезде ішінде болған болсаңыз, баяу тербеліс әсерін сезінген шығарсыз? Осы сезім – жер әсерінің нәтижесі.

Жақында жарық көрген зерттеуде Деврис пен оның әріптестері Haeterini тұқымдас көбелектердің тек бір ғана түрінен басқасының барлығы, осындай қуат-үнемдеу тәсілімен жерге жақын қалықтап ұшатынын анықтады. Көбелектердің бұлай етуінің құпиясы: қанаттарын сермеп ұшатын тұқымдастарына қарағанда олардың алдыңғы екі қанаты ұзынырақ келеді.

Джереми Берлин

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля