Соңғы зерттеулер адамдардың өздері үйде жоқта мысығына радионы қосулы қалдырып кетуі кез келген үй мысығы үшін еш пайдасы жоқ әрекет екенін көрсетті. Зерттеушілер жоғары жиіліктегі әуендерге және адамдардың марғау дауысына еліктеп, пырылдап, мияулап шығарған дыбыстарына мысықтардың қалай жауап беретінін бақылап көрді. Классикалық туындыларға мысықтардың көбі мұртынан қараған. Ал кейде оларға арнайы шығарылған әуендер ойнағанда радиоға сүйкенген. «Адамдар мысыққа не себепті музыка қосатынын және бұл шындығында кімге пайдалы екендігін мұқият ойланулары керек», – дейді Висконсин университетінің психологы Чарльз Сноудон.
А.Р. Вильямс