Осынау керемет кадрлар «National Geographic Қазақстан» және «National Geographic Ресей» журналистерінің Балқаш өңіріне бірлесе жасаған экспедициясы кезінде түсірілді. Іле өзені атырауының бірқазандар мекендейтін жеріне жергілікті жолбасшы жігіттердің көмегімен жеттік. Құстарды үркітіп алмас үшін қайықтардың моторын сөндіруге тура келді. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланбаққа шеф-фотографтар Ерболат Шадрахов пен Андрей Каменев Canon-ға қол салды.
Бірқазандар (латын тіліндегі атауы: Pelecanus onocrotalus) – ескекаяқты құстар отрядына жататын жыртқыш. Қазақстанды олардың екі түрі мекендейді. Каспий және Арал теңіздері мен Балқаш көлдерін маңында кездеседі. Дене тұрқы бір жарым метрдей, салмағы 13 килограмм тартады. Балық атаулының қас жауы деп айтуға болады. Кейде аузы-мұрнынан шығып тойған бірқазанның тұмсығынан балықтың құйрығы шығып тұрады.
Бірқазандар балық аулауға келгенде өте шапшаң. Басы мен мойнын денесінің алдыңғы бөлігімен қоса суға батырып жіберіп, жемтігін жылдам қармап алады. Төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы бар. Сол арқылы майда балықтарды толтыра қарпытады. Негізінен топталып өмір сүреді.
Осынау жақсы кадрларды түсіріп алу үшін біздің бірнеше күн жолсызбен жүріп, елсізбен жүзіп жеткенімізді біреу білсе, біреу біле бермес. Бүгінгі жігіттің «бес қаруы» не десеңіз, ол қатарға осы Canon фотоаппаратын қосуға болатындай. Табиғаттың кез келген құбылысын қалт жібермей, түстерді жылдам ажыратып, оны дәл жеткізу қабілеті ерекше мақтауға тұрарлық екен. Canon кәсіби фотоаппараты күшті зум-объективінің арқасында алыс және жақын нысандарды жоғары тұнықтықпен бейнелей алады. Бұл камераның корпусының өзі ұстауға ыңғайлы, жеңіл басқарылады. Бір сөзбен айтқанда, тұмса табиғатқа шықсаңыз, Canon сенімді серігіңіз боларына күмән жоқ.
Фото: Ерболат Шадрахов, Андрей Каменев