«Жергілікті өнімді пайдалан», «Бақшадан тікелей дастарханға» атты қозғалысты қолдайтын бас аспазшылардың назары соңғы жылдары теңізге ауа бастады. Олар арнайы ауланатын балықтармен бірге ауға байқаусызда түсіп қалатын «қалдық» немесе «қоқыс» деп аталатын балықтарды да, теңіздің өзге мақұлықтарын да асқа пайдалана бастады. «Oceana» ұйымының 2014 жылғы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, АҚШ-та коммерциялық мақсатта ауланған балықтың 22 пайызын «қоқыс балықтар» құрайды екен. Рестораторлар мен үй аспазшылары «қоқыс балық» түрлерін ас мәзірлеріне қоса бастады. Ал сіз ше, осының біреуін татып көргіңіз келмей ме?
Линдси Н.Смит
Сурет: Кори АРНОЛЬД