..."/>
ЗЕРТТЕУ

Ит сырттаны

IMG_3270 копияАмериканың ит асыраушылар клубы (АИАК) соңғы 24 жыл бойы иттерді тіркеумен айналысып келеді. Тізімге көз жүгірт­сек, лабрадорларды АҚШ-тағы ең танымал иттер деп атауға болатын сияқты. Ал ағылшын сеттерлері 1880 жылдары ең атақты нәсіл ретінде құрметтелетін. Әйтсе де қазір бұлар 187 ит тұқымының ішінде 87-орында тұр. Атақ та, даңқ та мәңгілік емес деген осы шығар.

Күшіктердің бағы неден? Бруклин колледжінің психология профессоры Стефано Гирланданың айтуынша, итке атақты болу үшін денсаулығы, өмір сүру ұзақтығы немесе қылығы емес, кинодағы рөлдің әсері маңызды. Мәселен, әйгілі фильмдерге түскен иттер тұқымы он жыл ішінде халық арасына лезде тарап, тез танымал болады. «Біз фильмнің осыншалықты әсер беретініне таң қалдық» – дейді ол. Айталық, колли иттерінің (шотланд овчаркасы) танымалдығы 1943 жылы «Лесси үйге оралды» («Lassie Come Home») фильмі мен оның жалғасы шыққаннан кейін асқақтай түскен.

Алайда танымалдылықтың кері әсері де бар. «101 далматин» фильмі денелері теңбіл-теңбіл күшіктерге деген жұртшылықтың қызығушылығын арттырған болатын. Алайда оны асырау көптеген отбасыларға қиынға соғады. Соның салдарынан әлгі теңбіл күшіктердің беделі де түсті, рейтингі де күрт төмендей бастады дейді АИАК қызметкері Джина Динардо. Джинаның болжауынша, алдағы уақытта бульдогтар танымалдылықта топ бастауы мүмкін.

Рэйчел Хартиган Шэя

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля