Түздің еркін тағысы – жолбарыстар бар-жоғы 3160 бас қана қалыпты! Осының өзі оларды қорғаудың қаншалықты маңызды екенін аңғартады. Алайда жолбарысқа санақ жүргізу өте қиын. Оларды аңдып, арттарынан бақылап жүру көп уақыт қажет етеді. Бұл – баяу әрі күрделі шаруа. Мынадай суреттерді ара-тұра түсіріп тұратын фототұзаққа да сенім жоқ. Браконьерлер тағы бар.
Ендеше, «краудсорсинг» пен «азаматтық ғылым» саласына қош келдіңіздер! Суррей университетінің компьютер ғалымы Аарон Мэйсон, жолбарыстарды бет әлпеті мен жолақтары арқылы анықтайтын ерекше қосымша ойлап тапты. Бағдарлама миллиондаған жолбарыс суретін онлайн түрде сүзіп шығып, бұрын кездеспегендерін арнайы дерекқорға тіркейді. Осылайша смартфоны бар әр адам жолбарыстарды сақтауға өз үлесін қоса алады.
Бүгінде мамандар арыстандар мен басқа жабайы аңдарды бақылау үшін, дәл осындай компьютерге арналған бағдарламалар қолданып жүр. Ендігі кезек аюларға келе ме, қалай ойлайсыз? −Джереми Берлин