..."/>
САЯХАТ

«Қайталанбас Қазақстан» байқауының жеңімпаздары марапатталды

IMG_0043 1

«Canon Қазақстан» мен «National Geographic Қазақстан» журналы ұйымдастырған байқау жеңімпаздары мараптталды. Бас жүлде және оның  арнайы сыйлығы кәсіби біліктілігі жоғары комиссия мүшелерін өз фотосуреттерімен таң қалдырған Айбек Ахановқа бұйырды. Көбінесе Астана қаласын әр қырынан суретке түсіруде әдетке айналдырған фотограф бұған дейін де «National Geographic Қазақстан» назарына түскенін айта кету керек. Әйгілі Бурабайдың тамаша табиғаты мен қайталанбас сұлулығын  бір сәттік фотолары арқылы ерекше ұсына білген Айбек Аханов фототуындысы әділқазылардың ең жоғары бағасына ие болып, шын мәнінде қайталанбас шеберлігімен мойындатты. Бұл фотосуретті назарларыңызға тағы бір рет ұсынамыз.

Айбек Аханов - Ақмола обл, Бурабай

Қазақстанның әр өңірінен қатысқан фототуындылар арасында үздіктерді іріктеу оңайға соқпағанын да айта кеткіміз келеді. Ереже бойынша фотосуреттер арасынан бір ғана жеңімпаз анықталуға тиіс болатын. Алайда оқырмандар тарапынан жолданған сан алуан суреттердің таңдай қақтыра таңғалдырғаны соншалық, конкурс комиссиясы бір ғана жеңімпазбен шектелуге дәті бармады.

Осыған орай, қалған үздік 4 композиция авторына «Canon Қазақстан» компаниясы «Фото шеберлікті шыңдауға арналған онлайн-курс» сертификаттарын ұсынып отыр.

Сонымен «Қайталанбас Қазақстан» байқауының жеңімпаздары:

1-орын: Айбек Аханов (Астана).

2-орын: Ақсындар Табылды (Ақтау).

3-орын: Сәрсенбек Қызайбек (Алматы).

4-орын: Талғат Саматов (Ақтау).

5-орын: Айбек Аханов (Астана).

«National Geographic Қазақстан» журналының редакциясы, «Canon»  компаниясы мен «Фотоөнер» Қоғамдық бірлестігі жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, шығармашылық шабыт тілейді!

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля