..."/>
ЗЕРТТЕУ

Төкпе күйдің тарланы – Құрманғазы

фото- 001

Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші-композитор, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. ХІХ ғасырда өмір сүріп, қос ішекті домбырадан ғажайып туындылар тудырған Құрманғазы – әлемге құдіретті күй өнерін паш еткен дарынды тұлға. Дәулескер күйшінің есімін ұлықтау мақсатында республиканың барлық өңірлерінде көшелерге, мәдениет үйлеріне, театрларға аты берілді. Бүгінде Құрманғазы атымен Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі, музыка колледж-мектептері, көше атаулары аталады. Атақты күйшіге ескерткіш Ресейдің Астрахан қаласында, Атырау мен Алматыда орнатылған. Астана қаласының Сарыарқа даңғылы бойындағы ескерткіш 2012 жылдың шілдесінде 5-шілдесінде ашылды.

фото - 002

Астанадағы күйші ескерткішінің ашылу салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген еді: «Халқымызда қу тақтайға жан бітіріп, домбыраның көмейіне күллі қазақтың рухын сыйғызған талай дәулескерлер өткен. Олардың бірі әрі бірегейі – ұлы күйші Құрманғазы. Оның «Сарыарқа», «Адай», «Қайран шешем», «Балбырауын», «Кішкентай» күйлері әр қазақтың жадында болса керек. Қазақ барда, күй құдіреті Құрманғазының есімі еш өшпейді. Оның күйіне арқау болған Сарыарқа, ұлы даламыз да бүгінде әлемге танылды».

DCIM100MEDIADJI_0013.JPG

Құрманғазы Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына карасты Жиделі деген жерде туып өскен. Топырақ бұйырған орыны – Ресейдің Астрахан облысының қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер. Аты аңызға айналған тұлғаны қазақ халқы «Күй атасы» деп әспеттейді.

фото -004

Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты – бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың мейлінше қарқын алған, шектен шыға басынған кезі болатын. Сондықтан да, замана зобалаңы күйшіні де от-жалынымен шарпыды. Оның ел құлағында сақталған «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Пәбескі», «Бозшолақ», «Аман бол, шешем, аман бол» секілді күйлері қатал тағдырдың кез-келген талқысына тума өнері арқылы берілген жауабы іспеттес.

фото- 5

Құрманғазы әлеуметтің жүгін арқалаған күйші ғана емес, сезімге беріле бөленетін өмірге де ғашық күйші. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Ақсақ киік» секілді туындылары әрқилы суреткерлігінен кеңінен танытады. Дәулескер күйшінің 60-қа тарта күйлері сақталған.

фото- 6

1868 жылы «Уральские войсковые ведомости» газетінде журналист-жазушы Н.Ф. Савичев Құрманғазы туралы былай деп жазған екен: «Алғашында мен таң қаларлық күйде болдым, ал кейін тамсандым… Құрманғазы екі ішекті күйлеп, ойнай бастады. Домбырадан мөлдір, таза музыка төгілді, әуен сипаты қазақша болса да, оның берілуінен бұл туындыны үлгілі музыка шығармаларының қатарына қоюға болады: Өйткені Сағырбаевтың күй тартысы сол дарын мен шабыттан шығады… Сағырбаев сирек кездесетін музыкалық жан, ол Еуропалық білім алған болса, музыка дүниесінде ең үлкен жұлдыз болған болар еді».

DCIM100MEDIADJI_0011.JPG

Құрманғазы Сағырбайұылының ескерткіші – Астанадағы ескерткіштердің бірегейлері. Есілдің сол жағалауындағы Сарыарқа даңғылының бойында орналасқан күйші мүсіні 5,5 метрлік биіктіктегі тұғырға орнатылған, ал ескерткіш-мүсіннің жалпы биіктігі – 10 метр. Мүсінде Құрманғазының ұлы далаға кең тараған күйлерінің бірін орындап отырған кезі бейнеленген. Ескерткіштегі аспап Құрманғазы домбырасының дәл көшірмесі болып табылады. Ұлы күйшінің домбыра шертіп отырып, қолын сермеген сәті оның шығармашылық шабытқа бөленген кезін білдірсе керек. Тұғыр гранитпен қапталған және екі бөліктен – биіктігі 2 метр төменгі және 3,5 метрлік 3 тақырыптық бедер орнатылған жоғары бөліктен тұрады. Олар ұлы сазгердің бейнесін толықтырып, Құрманғазы Сағырбайұлы өмір сүрген кезеңді суреттейді. Атап айтар болсақ, орталық бедерде домбырасын жас Дина Нұрпейісоваға беріп жатқан күйшінің өзі бейнеленген. Оң жақ бедерде билік пен қазақ мемлекеттілігін аңғартатын Жәңгір хан бейнеленген. Сол жақ бедерде бір-бірімен батылдық, күш, ептілік бойынша сайысқа түскен батырлар бейнеленген.

008009010

Ұрпаққа үні естілетін күйші ескерткішінің өзі оның өткен өмірін көз алдымызға келтіріп, халыққа зор тағылым мен үлкен тәлім береді.

DCIM100MEDIADJI_0014.JPG

Фото – Ерболат Шадрахов, Бекзат Сайназар

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля