..."/>
ЗЕРТТЕУ

Саясат құрбаны болған аңдар

222-1024x687

1974 жылы бұл аймақ Якутия Автономиялық КСР-ның бір бөлігі болған уақытта малшылар бұғыларын Оймякон маңында бағатын. 

Саяси толқулар кезеңінде адамдармен қатар елдің жабай табиғаты да жапа шегеді. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың жабайы аңдарға қаншалықты әсер ететінін анықтау мақсатында Ресей тумасы, эколог Евгения Брагина бастаған топ зерттеу жұмысында осыған көз жеткізген. Мәселен, зерттеу нәтижесінде бір ғана Кеңес Одағының күйреуі бұғы, елік, қызыл бұғы, бұлан, жабайы доңыз, қоңыр аю, сондай-ақ, сілеусін мен сұр қасқыр секілді  сегіз аңға әсерін тигізгені анықталды.

Зерттеулер қорытындыларына сүйенсек, 1991 жылы КСРО түпкілікті ыдырағанға дейінгі және одан кейінгі онжылдық ішінде жоғарыда аталған сегіз аңның көбею деңгейі әр түрлі болған екен. Соның ішінде жабайы доңыз, бұлан және қоңыр аюлар саны тоқырау жылдарында кейін күрт азайған. Бұған аңдардың заңсыз аулануы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен жайылымның тарылуы, сондай-ақ, жабайы табиғатты қорғау заңдарының қадағаланбауы басты себеп болуы мүмкін. Бір қызығы, жыртқыш аңдардың өсім санын бақылауға арналған бағдарламалардың тоқтатылуы себебінен сұр қасқыр саны 150 пайыздан астам өскен. Осыған байланысты Солтүстік Каролина штаты университетінің зерттеушісі Евгения Брагина «кең таралған аңдар түрінің өзі де аласапыран заманда жан-жақты бақылауды қажет етеді» деген қорытынды шығарады. «Қиын-қыстау кезеңдер мен тоқыраулар жағдайында аңдарды қорғаудың бірден-бір жолы – адамзатты қорғау», – дейді ол.

Сонымен қатар, саяси және әлеуметтік дағдарыс мал шаруашылығына да әсер етеді.  Rengifer журналында жарияланған зерттеулерге сәйкес, бір кездері КСРО-ға қараған аумақтардағы үй бұғыларының саны Одақ ыдыраған 1991 жылдардан кейін күрт кеміп кеткен. Тіпті зерттеушілер мұны 1920 жылдардың соңындағы Иосиф Сталинның күштеп ұжымдастыру саясатынан туындаған тоқыраумен салыстырады.

Ева Конант
Фото: Дин КОНГЕР

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля