..."/>
ЗЕРТТЕУ

«Кемпірқосаққа» шығуға болмайды!

20160921130117

Американың Юта штатындағы кемпірқосақ тәрізді табиғи көпірді ақ нәсілді зерттеушілер тобы 1909 жылы байқаған екен. Қызыл тастан өрілген көпір заманында Навахо, Хопи, Зуни, Пайют секілді жергілікті халықтардың киелі орыны болған. Олар эон дәуірі кезеңінде (бірнеше эраны қамтитын геологиялық уақыт-ред.) ағын судың әсерінен пайда болған биіктігі 90 метрлік «көпірдің» астына келіп сиынып, құрбандық шалған.

1910 жылы АҚШ Үкіметі табиғаттың осынау ғажайыбын сақтау мақсатында «Кемпірқосақ» көпірін ұлттық ескерткіш деп жариялады. Хью Стивенс Белл 1927 жылы түсірген фотода бейнеленгендей, бұған дейінгі 40-100 жылдар бойы туристер көпірдің асты-үстіне шығып қыдырып жүре беретін. Белл фотосында «көпір» үстіндегі кісі акробатикалық қимылдар жасап, сол арқылы бұның қауіпсіз екендігін» көрсетіп тұрғандай.

Құй қауіпті, құй қауіпсіз болсын, Ұлттық саябақ қызметі 1995 жылдан бастап туристердің көпір үстіне шықпауларын, астына түспеулерін өтініп, тыйым салатын арнайы белгілер орнатты. Бұл жергілікті тайпалардың мәдени дәстүрін құрметтеу үшін жасалған қадам болатын. Сондай-ақ Ұлттық саябақ қызметінің веб-сайтында осынау ғажайып «Кемпірқосақ» көпіріне келушілерден өздерін дәл мешітке немесе шіркеуге барғандай ұстаулары өтінілген.

Патрисия Эдмондс

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля