Әрине, ғылым үшін нақтылық аса маңызды. Алайда зоо-вебсайтында әйгілі балалар ертегісінің кейіпкеріне қатысты «Рудольф, қызыл тұмсықты солтүстік бұғысы ұрғашы болуы керек» деген сөйлемді жариялап, халық арасында қызу пікір тудырды. Тіпті ертегіні бұрмалады деп санайтындар да жоқ емес тәрізді.
Дегенмен сәл сабырлылық сақтаған жанға мұның бәрін түсіндіруге болады.
Rangifer tarandus, бұғысына Солтүстік Американың карибуы мен Еуразияның солтүстік бұғысы жатады. Канададағы Саскачеван университетінің репродуктивті биология ғылымының маманы Питер Флудтың айтуынша, бұғылардың осы түрінің еркегіне де, ұрғашысына да мүйіз өседі. Ең қызығы, жыл сайын мүйізі түлейтін кезде олардың еркегі мен ұрғашысы екі бөлек жайылады.
«Екі жыныстың да мүйіздері көктемде өсіп, күзге қарай қатая түседі. Ересек еркек бұғылардың мүйізі – қаруы іспетті. Олар күйек кезеңінде басқа еркек бұғыларды қуу үшін керек», – дейді Флуд. Ұрғашы бұғылардың буаз кезінде еркек бұқалардағы сүйек жасушаларының өзгеруі салдарынан тестостерон (жыныстық гормон) деңгейі төмендейді. Сондықтан қараша немесе желтоқсан айларында бұғы мүйіздері түсе бастайды. Жас еркек бұғылар өз мүйіздерін ұзағырақ сақтайды. Дегенмен буаз бұғылар да жауларын қуып, жайылымын өзгеден қору үшін мүйіздерін қыс бойы, тіпті көктемде де сақтап тұра алады. Төлдегеннен кейін, әдетте сәуір немесе мамыр айында мүйіздерін тастайды (кейбір күйлемеген бұғылардың мүйіздері бірнеше апта бұрын түседі).
Сонымен Сантаның шанасына жегілетін бұғының жынысын нақты айту қиын. Алайда ондай шаңырақтанған мүйіз ұрғашы бұғыларда да, соның ішінде буаз бұғыларда да болуы әбден кәдік.
Патриция Эдмондс