Жалпы аумағы 30 футбол алаңына пара пар құрылғының ұзындығы 500 метрден асады. Ол құрылғы жерден 11 миллиард жарық жылы қашықтығында орналасқан нысандарды бақылап, радиосигналдарды тіркеп отыруға арналған. Сондай-ақ, ол жер шарының пайда болу кезеңі туралы да түрлі бағыттағы деректерді жинауға да септігін тигізбек.
Атап өтерлігі, соңғы жылдары Қытай елінде ғарыш бағдарламасы қарқынды дамып келеді. Шығыстағы көршіміз алғаш рет ғарышқа өз адамын 2003 жылы шығарып, Кеңес Одағы мен АҚШ-тан кейін ғарышкерлері бар кемелерді өз күшімен кеңістікке ұшырған үшінші ел ретінде тіркелсе, 2020 жылға дейін ғарышта өз станциясын салуды көздеп отыр.
Құрылысы 2011 жылы басталған жобаға 180 миллион АҚШ доллары жұмсалған.
Ғылыми жоба нысаны Гуйчжоу аймағындағы тау бөктеріне орнатылған.