..."/>
ЗЕРТТЕУ

Тегіс жерден теңге ілген

tenge-ilu-photo-by-erlan-omarov-2

Жігітті ептілікке, жылдамдық пен дәлдікке тәрбиелейтін қазақтың ұлттық ойынының бірі – теңге ілу. Көшпенділер арасында ертеден келе жатқан спорттық сайыстың бұл түрі той-думандарда, алқалы жиындар мен астарда қаумалаған көпшілік алдында ойналған. Негізінен келін түсіру, қыз ұзату және сүндет той секілді думандарда ұйымдастырылады. Теңге ілу – ат құлағында ойнайтын жігіттің мықтылығын ғана емес, жылқысының ұшқырлығын да жұрт алдында сынайды. Соңғы жылдары ұлттық ат спортына ерекше назар аударыла бастаған елімізде бұл ойын түріне де көбірек көңіл бөлініп, спорттық талаптарға сай арнайы ережелері бекітілген.

Ережеге сәйкес, теңге ілу тегіс жерде, жұртшылыққа жақсы көрінетін арнайы алаңда ойнатылады. Ойын тәртібі бойынша төреші алдымен белгіленген бес нүктеге (теңге салынған түйіншектердің ара қашықтығы 10 метр) қатар қатар орамалға түйілген теңгелерді тастайды. Ал теңгені іліп алуға дейінгі ұзындық 30 метр. Шүберекке түйілген теңгені шабандоз 150 метр жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен іліп әкетуге тиіс. Іркіліп тоқтауға, не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Қазіргі жарыс ережесіне сай жігіттің ептілігімен қатар шауып өткен уақыты да есептеледі.

«Теңге ілу ойыны басталғанда фототілшілер, көрермендермен қатар қоршаудың сыртында тұрды. Алайда ондай қашықтықтан сәтті фото түсіру мүмкін емес. Сондықтан мен бөгде адамдардың жүріп-тұруына тыйым салынған алаңқайға жүгіріп шықтым да, суретті мейлінше көбірек алуға тырыстым. Сол аралықта отызға жуық суретті түсіріп үлгеріппін. Арасында осы сурет те бар», – деді аттың төрт аяғы жерден қатар көтерілген сәтін дер кезінде түсіріп үлгерген фототілші Ерлан Омаров.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля