..."/>
ЗЕРТТЕУ

Үңгір адамы туралы әңгіме

04-10-16

Бүдір-бүдір жабындар – ежелгі Неандерталь адамының бас сүйегі мен басқа да бөліктері.

Үңгірлерді зерттеу клубының мүшелері 1993 жылы Италияның Альтамура қаласының маңындағы қаптаған әктас «бөлменің» бірінен керемет жаңалық ашты. Әлгі әктас үңгірден жартылай кальцит түйіршіктері басқан қаңқа табылған еді. Сарапшылар оны «үңгірге құлап, аштан өлген ежелгі Неандерталь адамы болуы мүмкін» деген тоқтамға келді. Минералға бай сулардың қайта­қайта шашырауынан осындай түйіршіктер пайда болып, оны жұрт «үңгір попкорны» деп атай бастаған.

Зерттеу барысында кальцит жабыны (түктері) осыдан 130 000 жыл бұрын түзіле бастағаны анықталды. Ендеше әлгі құрбан болған адамның да сол уақытқа дейін өлгені анық. Қаңқаның иық сүйегінен алынған ДНҚ әуелгі болжамды да нақтылай түскен. «Бұл ДНҚ сараптамасы жасалып отырған ең ежелгі Неандерталь адамы», – дейді Флоренс университетінің қызметкері Дэвид Карамелли. Болашақта бұдан да күрделі ДНҚ зерттеулері арқылы жойылып кеткен ежелгі адамдардың өзара туыстықтарын анықтауға болады. Осының өзі адамзат шежіресін тарқата түсуге мүмкіндік береді. – A.Р. Уильямс

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля