Борсықтар төсек орнын жапырақтан жасап, оны тұрақты жаңалап отырады.
Ұлыбританияның «Daily Mail» газетінде «Мауығып есі кеткен ессіздер» атты мақала жарық көрген еді. Мақалада Англияның Шеффилд қаласының тұрғындары «далада түнжарымда ыю-қию шулап, мауыққандарға» шағымданған. Борсықтың (meles meles) ін қазуы – оның мауығуы секілді жойқын шаруа. Олар камералық-туннель жүйелерін өз індері деп таниды. Көгалды талқандап, төселген тастарды қопарып, ғимараттарға зиян келтіреді. Борсықтардың сүйікті ісі ін қазу ма, әлде көбею ме? Олар бұрын қазылған туннельдерге жалғасып жататын жерасты жолдар мен лаберинттер жүйесін салу үшін топырақты тонналап қазады. Бұл сүтқоректі көбеюге арналған індеріне жапырақтан төсек-орын жасап, оны жиі ауыстырып тұрады. Мауығу кезінде, ұрғашылар шаңқылдаса, аталықтар кісінеу мен пырылдаудың арасындағы дауысты шығарады екен. 1996 жылы Badgers кітабында жазылғандай, борсықтар «Дербишер» шіркеуінің астынан ін қазып, кешкі құлшылық кезінде әлгі іннен шыққан өткір иіс пен оғаш шу елді дүрліктірген. «Борсықтар мауығуға орын талғамай кірісе береді. Ұрғашының биологиялық сағатын үзіліске қоя алатын қабілеті бар, соған байланысты эмбриондарды «анабиоз түрінде» сақтап, олардың имплантациясын жатырына бірнеше айлап кешіктіре алады», – дейді биолог Дэз Делахэй, Экзетер университетінің жабайы табиғатты қорғау маманы. Осының арқасында борсықтар ұрпағын жан сақтауға ең қолайлы мезгілге орайластырып дүниеге әкеле алады. Мұндай қасиет сүтқоректі тұқымдастарының бәрінен кездеспейді. Сондықтан да борсықтардың мауығуына түсіністікпен қарауға болады. – Патриция Эдмондс
ТАБИҒИ ОРТАСЫ / ТАРАЛУ АУМАҒЫ: Ормандар мен далалар, Еуропадан Шығыс Азияға дейін.
ҚОРҒАЛУ ДӘРЕЖЕСІ: Алаңдаушылық аз.
БАСҚА ДА ФАКТІЛЕР: Англияда борсықтарды өлтіргені немесе індеріне зиян келтіргені үшін алты айға дейін түрмеге қамалады және 7,500 доллар айыппұл төлейді.