Өрмекшілер (латынша Araneae) – буынаяқтылар ішінде саны жағынан екінші орында. Қазіргі таңда ол жәндіктің 42 мыңдай түрі анықталып отыр.
Өрмекшінің торы адам таңданарлықтай күрделі, әрі көркемдігімен ерекшеленеді. Олардың тордан басқа да күшті қаруы бар, ол – мықты жақтары. Жағында жемтігін сеспей қатырар у бөлетін қуыс бар.
Өрмекші тұқымдас жәндіктерді әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады. Олар тропиктік аймақтарда, шөл дала мен тауларда да мекендейді. Негізінен шыбын-шіркей, зиянды насекомдармен қатар, ұсақ құстармен де қоректене береді.
Фото: Сәрсенбек Қызайбекұлы