Жаңа дауыл формуласы найзағайдың сырын ашты. Беркли қаласында орналасқан Калифорния университетінің профессоры Дэвид Ромпс пен оның әріптестері бұлттардың мінезқұлқын зерттеумен айналысып жүріп, найзағай санын дәл болжай алатын ең озық модель жасап шығарғанын айтып отыр. Олар бұл үлгіні «Ғаламшар жылуы жалғасқан жағдайда, найзағай көбеюі мен олардың орман өрттеріне әсері» жобасында пайдаланып көрді. Бәріне найзағай деген атпен белгілі шұғыл электр разрядының пайда болуы үшін, сұйық су мен мұз, сондайақ оларды бірқалыпта ұстап тұратын өршімелі ауа ағыны болуы шарт. Ромпстың теориясы бойынша найзағай жиілігін анықтау үшін осы факторлардың барлығын бір теңеуге салу керек. Ол жауыншашын мөлшерін конвективті ықтимал энергияға немесе қарапайым тілмен айтқанда, дауыл түзетін бұлттардың пайда болу жылдамдығына көбейтті. 2011 жылғы ақпарды пайдалана отырып, ол жерге түскен найзағай санын 77 пайыз дәлдікпен есептеп берді. Ал дәстүрлі модель бойынша тек 39 пайыз дәлдікке қол жеткізуге болады. Ауа жылыған сайын, оның ішіндегі дауылға күш беретін су буы да артады деген сөз. «Әлем бойынша әрбір цельсиға көтерілген ауа температурасы, АҚШтың өзінде ғана найзағай санын 12 %ға еселейді», – дейді Ромпс. Егер көмірқышқыл газ көлемі дәл бүгінгідей ауаны ластауын жалғастыра беретін болса, 2100 жылға дейін найзағай жарқылы 50 пайызға көбейеді. – Линдсей Н.Смит