..."/>
ЗЕРТТЕУ

Гаити – қайтпас қайсар, қаһарман ел

001

Гаити жастары түсірген фотосуреттер күрескер елдің ары мен барын көрсетеді.

АВТОРЫ: МИРМАРА ПРОФЕТ, 14- те

ШАШЫНА ГИБИСКУС ГҮЛІН (CHOUBLAK) ТАҚҚАН АЛТЫ ЖАСАР ПЬЕР ТАМАРА (CA DOUCHE). «БҰЛ СУРЕТТІ ТҮСІРГЕН СЕБЕБІМ ГИБИСКУС ГҮЛІН ЖАНЫМ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ» – ДЕЙДІ ПРОФЕТ.

002

АВТОРЫ: АНЖЕЛА СЕЙНТ ЛУИС, 17-де

2010 ЖЫЛЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ САЛДАРЫНАН ҚАТТЫ ҚИРАҒАН ПОРТ-О-ПРЕНСТЕГІ КӨЗ ТАРТАРЛЫҚ “АЙРОН” БАЗАРЫ БАЙЫРҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ. «ОРТАЛЫҚ БАЗАР КӨП АДАМНЫҢ КҮНКӨРІС КӨЗІ. ОНЫҢ ҚАЙТА САЛЫНҒАНЫНА ҚУАНДЫМ», – ДЕЙДІ АНЖЕЛА СЕЙНТ ЛУИС.

003

АВТОРЫ: ВИЛКИ ДОУЗ, 19-да

ДОУЗ ЖАҒАЖАЙДАҒЫ ТАҢҒЫ ТІРШІЛІКТІ СУРЕТКЕ ТҮСІРГЕНДІ ҰНАТАДЫ. «ҚАРАДОМАЛАҚТАРЫНЫҢ ҚАМЫ ҮШІН ШІРЕНЕ ҚАУҒА ТАРТЫП ЖАТҚАН БАЛЫҚШЫЛАРҒА ҚАРАУ ЖАНЫМА ЖЫЛУЛЫҚ ҰЯЛАТАДЫ», – ДЕЙДІ ОЛ.

Гаитилық студент фотографтардың жасы 14 пен 35 аралығында, елдің әр аймағынан келген әрі өмірлік тәжірибесі де алуан. Олардың алдында тұрған міндет қарапайым: Гаитидің сирек көріністерін мұндағы халықтың көзімен әлемге паш ету. Бұл – жер сілкінісі мен түрлі апаттар орын алатын ғана ел емес, бұл – күн сәулесі су бетінде ойнаған, балақандар асыр-салып тойлаған таңғажайып ел. Түтіндеген көшелерде бамбук кернейден күй сызылтып, мың бұралған бишілердің қуанышты үнін естуге болатын жер. Бұл – мақтаныш пен мүмкіндіктер мекені. «Гаити тұрғындары өздерін дәрменсіз етіп көрсететін шетелдік басылымдардан шаршады», – дейді менің аудармашым, заң жағынан білім алып жүрген әрі саяхат ісі жөніндегі кеңесші Джуниор Ст. Вил, – «Бұл жер әдемілікке толы, оның әлеуеті де күшті». Вил маған Порт-о-Пренстен 40 шақырым қашықтық шамасында орналасқан жағажайлық Аркахайе қалашығындағы Вуду дінінің қызметшісіне баруды ұсынды. «Оның ғибадатханасы – бүкіл Гаитидегі ең жақсы салынған ғибадатхана.

004

Авторы: Александра Фуллер Фото: Fotokonbit студенттері

АВТОРЫ: СМИТ НЬЮВИМ, 32-де МАНУЭЛЬ КЛЭРМОНТ КЭМП ПЕРРИН ТӨҢІРЕГІНДЕ СЕБЕТТЕП НАН САТАДЫ. «БҰЛ КІСІЛЕРДЕН КҮНДЕ НАН САТЫП АЛАМЫН», – ДЕЙДІ НЬЮВИМ. – «СУРЕТТІ ТҮСІРУ СЕБЕБІМ – ОЛАР БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫТТЫ БОЛУ ҮШІН БАР КҮШ-ЖІГЕРІН ЖҰМСАЙДЫ».


2010 жылы АҚШ­тың қолдауымен құрылған, гаитилықтар басқаратын FotoKonbit (fotokonbit.org) коммерциялық емес ұйымының мақсаты – ел азаматтарына фотоөнерін үйрету.


Менің ойымша, ол өзі де өте тартымды адам», – деді Вил. Ғибадатханаға тамыз айының ортасында, шыжыған шаңқай түсте келіп жеттім. Иттер банан ағашының көлеңкесінен шығып, үргендей болды. Діндардың көмекшісі оларды қуып жіберіп, маған ол кісінің түні бойы Майамиден келген адамға телепатиялық қызмет көрсеткенін, қазір қатты шаршап жатқанын айтты. Өзінің кім екендігін айтпауды өтінген, басында жүннен жасалған қара береті, үстінде леопард бейнесі салынған жейдесі, қара шолақ шалбары мен мойнында алтын алқасы бар ел ардақтысы ғибадатхананың ішінен шығып келді. Оған қарап, еңбек демалысына шыққан кіші африкалық диктатордың Голливудтағы бейнесі есіме түсті. «Гаитилықтардың қолынан іс келмейді дегенге сенетіндердің қатарынансыз ба? – деп сұрады ол менен, – Біз қақпақыл жасайтындай қолбала емеспіз?» Ол өзіне тән паң мінезімен асықпай, салмақты сөйлеп отырды. Вуду әруақтарына арнап жаңа ғана шашылған әтірдің иісі ауада әлі тұр. Ғибадатхана еденінің ортасына «vèvès» әруақтарына арнап шашып тастаған ұнның үстінен шамның тамған майын байқауға болады. Вуду Жаратушы Бондиенің (креоль тілінде Bon Dieu – жақсы Құдай) бар екенін мойындайды, бірақ күнделікті болатын жақсылықтарды, оның ішінде бизнестегі жетістікті, махаббатты lwas әруақтарының арқасында болып жатыр деп есептейді. Олардың көбі батыс африкалық, конголық пантеондардан алынған және католик әулиелерге сәйкестендірілген. Вуду бір кезде арал құлдары ұстанған дін ретінде басталып, қазір де сол құлдардың ұрпақтарының, яғни мұнда тұратын барлық адамның мәдениетіне терең сіңісіп кеткен. Басқаларға бұл дінді түсіну өте қиын. Оны ұстанатын адамдарды басқару, айтқаныңа көндіру одан да қиын. Француздық колонистер XVII-XVIII ғғ. кезінде аталмыш дінді басуға тырысып көргенімен, діни рәсімдер жасырын түрде жалғаса берді. Ел 1804 жылы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, Гаити элитасы Вуду дінін жоюдың барлық амалын қолданса да, одан еш нәтиже шығара алмады. 1915-1934 жж. АҚШ Гаитиді басып алған кезде Теңіз әскери күштері Вуду ғибадатханаларын бұзып, қасиетті барабандарын тартып алды, бірақ адамдар дінге жасырын табынуын сонда да жалғастыра берді. Бүгінде Вудуды барлық жерден көруге болады. Көптеген аулаларда және жеке үйлерде Вуд у әруақтарына арналған тақтар бар. Порто-Пренс тегі «Айрон» базарында Вуду дәрілері, Вуду өнерінің туындылары және тасбақалар (сатушылардың айтуынша, тасбақа – «Вудудың сүйікті жануары») шелектеп сатылатын тұтастай бір бөлім бар. Осынша тар жол, тайғақ кешуден шығып, бүгінде жалпылық сипат алғанына қарамастан, Вуду құпиясы әлі де толық ашылып біткен жоқ. «Жоқ, бізге сырттан көмек қажет емес, – деді дін қызметшісі ғибадатханаға қарап тұрып. – «Мына ғибадатхана толықтай халықтың өз күшімен салынып, безендірілді». Ол өз орындығына шалқая отырды: «Гаитилықтардың рухын жығу мүмкін емес. Тіпті ең үлкен апат та жоя алмайды».

ГАИТИ – табиғи апаттарға ең көп ұшырайтын Батыс жартышардағы ел. Құйын мен су тасқыны мұнда жиі болып тұрады. Ең бірінші жер сілкінісі 1562 жылы тіркелген. Жер сілкінісі құйын мен су тасқынына қарағанда көп болмайды, бірақ 1900 жылдардың басынан бері үйлер, емханалар мен мектептер салуға зілзалаға төзімдірек бетон мен темір-бетон көбірек қолданылып келеді. Сонда да, жер сілкінген кезде тастан салынған үйлер шытынап, оңай құлайды.

005

АВТОРЫ: ФРИКО БИЕН АЙМ, 24-те. КЭП-ГАИТИДЕ ТАМЫЗДЫҢ ЫСТЫҚ ТҮНІНДЕ КАФЕНІҢ СЫРТЫНДА АДАМДАРМЕН СӨЙЛЕСУ ЖЕҢІЛІРЕК. БИЕН АЙМ ОСЫ ФОТОСУРЕТТІ КӨШЕДЕ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗ КЕЗІНДЕ ТҮСІРГЕН. «ҚАЛАДА ҚАУІП АЗАЙҒАННАН БЕРІ, ТҮНДЕ, ӘСІРЕСЕ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІНДЕ АДАМДАР КӨП ЖҮРЕДІ», – ДЕЙДІ ОЛ.

2010 жылдың 12 қаңтарында Гаитиде магнитудасы 7 баллға жеткен соңғы алапат зілзала салдарынан Порт-о-Пренстің батысы жермен-жексен болды. Апат салдарынан мыңдаған адам қаза тапты. Гаити үкіметінің соңғы мәліметі бойынша құрбан болғандар саны 316 000-ға жеткен. АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырған топ көз жұмғандар саны 85 000-нан асқан жоқ деп есептесе, америкалық ғалымдар 158 000 адам қаза тапқанын айтады. Жер сілкінісі Гаитидегі жаңа ғимараттардың әлсіздігін де көрсетті. Иін тірес кен қала бірнеше минут ішінде жермен-жексен болды. Мемлекеттік маңызы бар ғимараттар, оның ішінде президент сарайы, Ұлттық ассамблея, орталық абақты, кафедрал шіркеуі, орталық салық кеңсесі барлығы да қирады.

Көмектесу мақсатында әр апаттан кейін шетел дік мемлекеттік емес ұйымдар мен миссион  ерлер апат аймағына көптеп келіп жатады. Мұны жергілікті халық құйыннан кейінгі «миссионерлік маусым» деп атайды. Себебі, жасалған қайырымдылықтың барлығы көңілден шыға бермейді. Көптеген шетелдіктер бірнеше күн ғана болып қайтса, кейбірі онсыз да азығы тапшы елде бірнеше жыл жатып алады. Гаитиде 4 000-нан астам мемлекеттік емес ұйым тіркелген, бірақ шетелдік институттар қызметін, көрсетіліп жатқан көмек көлемін бақылап отырғ ан ешкім жоқ. Тіпті елдегі миссионерлер саны да белгісіз. Бір білетініміз, олардың елімізде мыңдап жүргендігі.

«Бізге келіп, ақыл айтқысы келетіндер үшін есікті қалай жауып тастау керектігін біз әлі үйренген жоқпыз», – дейді Гаитидің адам құқықтары жөніндегі белсендісі Никсон Боумба. – «Олар жекелеген бөлшектерін ауыстырғанымен, тұтас көлікті жөндей алмайды. Жер сілкінісінен кейін бәрі бұрынғыдан бетер қиындап кетті. Адамдар қарапайым көмекке зәруліктен алақан жаюына тура келді».

Халықаралық көмек көрсету қоры зілзала аймағына гуманитарлық көмек беру және апаттан кейінгі жағдайды қалпына келтіру мақсатында 6 млрд доллардан астам қаржы бөлді, оның тек 9,1% тікелей мемлекетке, ал 0,6%-дан аз бөлігі Гаитидің мемлекеттік емес ұйымдары мен бизнесіне берілді. АҚШ-тың Экономикалық және саяси зерттеулер орталығы Бостандық елі бөлген қаржының басым бөлігі Құрама штаттар компаниялары мен ұйымдарына тиесілі екенін анықтады. Сол компаниялар мен ұйымдардың жартысынан көбі Вашингтонда орналасқан екен. «Сай сайға құяды», – деп Вил анасы айтатын мақалды еске түсірді.

Көп жылдар бойы миллионнан астам гаитилықтар озбыр диктаторлар мен құлдықтан қашып жүрді. Күштеп жер аударылғандар саны да аз болмады. Табиғат апаттары да маза бермеді. Басшылардың ішіндегі ең жаман атаққа ие болғаны – АҚШ тарапынан қолдау көрген Франсуа Дювалье («Папа Док»). Ол елді 1957 жылдан бастап, 1971 жылы қайтыс болғанға дейін басқарды. Одан кейін «Бэби Док» есімімен белгілі, ұлы Жан-Клод әкесінің жолын жалғастырды.

«Бэби» билікке келген кезде бар-жоғы 19 жастағы толықша келген бозбала болатын. Көптеген гаитилықтар оның басшылық етуі ұзаққа созылмайды деп ойлады. «Бэбидің» антикоммунистік ұстанымына сыйақы ретінде АҚШ елге жыл сайын 3,8 млн доллар көлемінде «көмек» беріп отырды. Бұл көрсеткіш 1975 жылы 35,5 миллионға дейін көтерілді. Себебі, Бэби Док әкесінің антикоммунистік идеологиясын жалғастыруға уәде етті және ол АҚШ-тың іскер ортасына жағымпаздығымен белгілі еді. Бэби Док АҚШ тарапынан келген көмектің көп бөлігін өз билігін сақтау үшін пайдаланды. Ол қарулы күштерді, оның ішінде 9000-ға жуық сарбазды және он мыңдаған Тонтон Макут тобын (әкесі құрған жеке әскер) қаржыландырды. (Тонтон Макут креоль аңызы бойынша «кендір дорбасы бар ата» дегенді білдіреді. Гаитилықтардың ауыз әдебиетінде бұл кейіпкер тіл алмайтын балаларды ұстап алып, өз дорбасына салып, әкетеді екен). Сонымен қатар үкіметке қарсы күшке тойтарыс беретін және жеке басын қорғайтын «Леопард әскерін» жасақтады. Бұл топ АҚШ әскері қатарында дайындықтан өтті. 1986 жылдың ақпан айында ашынған халықтың көтеріліске шығуына байланысты Бэби Док Францияға қашып кетті. Гаитиде тәртіп мүлдем болмады. Дувалье билікте болған соңғы 30 жылдың ішінде Тонтон Макут құрылымы шамамен алғанда 30-60 мыңдай Гаити азаматын зорлап, қинап өлтірді. Бір миллионға жуық адамның басым бөлігі АҚШ-қа, қалғандары Кариб теңізінің аралдары немесе Францияға босты.

006

АВТОРЫ: ФИЛОМИН ДЖОЗЕФ, 20-да КЭП-ГАИТИ САУДА КӨШЕЛЕРІНДЕ МЭРИС (ОҢ ЖАҚТА) ЖӘНЕ ОНЫҢ ДОСЫ МАРТИН ВУДУ ДІНІНЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЗАТТАР САТАДЫ. «МЕН АТА-БАБАМДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСКЕ ТҮСІРЕТІН НӘРСЕЛЕРДІ КӨПТЕП ТҮСІРЕМІН», – ДЕЙДІ ДЖОЗЕФ.

«Мың өліп, мың тірілдік. Бірақ бізді ешкім жоя алмайды.»

Самуэл Неснер

 Бэби Док биліктен кеткеннен кейін 10 ай өткен соң, Халықаралық валюта қоры Гаитиге 24,6 млн доллар несие берді. Оның қайтарымы ретінде Гаити үкіметінен сырттан әкелінген күріш пен басқа да ауылшаруашылық өнімдерінің тарифін түсіру талап етілді. Өзін ұзақ уақыт бойы Гаити халқының қорғаушысымын деп таныстырған Президент Билл Клинтон 1990 жылдардың ортасында сауданы либерализациялау саясатын енгізді. Бұл жағдай Гаити нарығын басқалар үшін ашқандығының арқасында күріш бағасы 50%-дан 3%-ға дейін төмендетілді. Үлкен көлемде субсидияланған АҚШ күріші Гаити нарығына көптеп кірді. Әкелінген күріштің басым бөлігі Клинтонның туған жері Арканзаста өсірілген. Гаити шаруаларының күріші арзан әрі судай тегін импортталған өніммен бәсекелесе алмады. Сол себепті көптеген шаруалар «ағаш көмірінің» соңғы түптерін жинап өткізгеннен кейін, шаруаларын тастап, қалаларға көшті.

2010 жылы Клинтон өз ісіне өкініп, кешірім сұрады. «Бұл Арканзастағы менің кейбір фермерлерім үшін жақсы болған болуы мүмкін, бірақ жобаның қателігі көп болды», – деді ол АҚШ Сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитетіне. «Бұл – үлкен қателік. Және оған менің де қатысым бар… Адамдарды тамақтандырамын деген оймен Гаитиде күріш өндіру мүмкіндігін төмендеткенімнің азабын күнде тартуыма тура келеді.»

1492 жылы Христофор Колумб Hispaniola деген атпен танымал болған аралды алғаш көрген кезде оған «керемет» деген ат берген еді. Алайда әдемілік тамақ болмайтындықтан, испандықтар былай істеді: олар оңай табылған алтынның бәрін қазып алып, осы істі атқарту үшін жергілікті тайно тайпасының адамдарын құл етті. Нәтижесінде, тайно тайпасы ауыр жұмыс пен Еуропадан келген жұқпалы індеттен, әсіресе, шешек ауруының салдарынан жойылып кетті.

Одан кейін француз отарлаушылары келіп, аралдың батыс бөлігіне 140 жыл бойы иелік етті және сол кездің ең бай адамдарына айналды. Олар Еуропадағы жекежайларын жабдықтап, қант құрағы мен кофе плантациясына арналған жерді игеру мақсатында, Колумб «аспанмен астасқан биік ағаштар» деп ат берген ормандарды отау үшін өздері Сейнт-Доминго деп атаған колонияға Африкадан миллионға жуық құл әкеледі. Апатты аймаққа айналудың аз-ақ алдында тұрған Гаити – жер бетіндегі орман көлемі ең аз (2 пайызға да жетпейді) елдердің бірі. Адам құқықтары проблемасы бұның жанында «қолына су құя алмай» қалады.

Сейнт-Домингодағы француз басшылары өз құлдарын ауыр жұмыстарға аямай салғандықтан, олар мыңдап өліп жатты. Өлгендерінің орнын басу үшін сырттан тағы да құлақкестілер әкелді. 1791 жылдың 22 тамызы түні Букман құлдардың тарихтағы ең сәтті бүлігін бастауына Вуду дінінің қызметшісі себепкер болды. Олардың үштен екісі Африкада туған және саны жағынан қожайындардан 10 есе көп болды. 13 жылдық қанды көтерілістен кейін 1804 жылы Гаити әлемдегі бірінші тәуелсіз қара нәсілділер еліне айналды.

Африканың Гаитиге әсері сол күйінде қалды. Туссен-Лувертюр Халықаралық әуежайына қонған кезде жер бедері Кариб теңізіндегі шаян аяғына ұқсас жерге емес, Африка құрлығынан бөлініп, басқа жартышарға ағыспен жеткен Сахарадағы шағын Африка еліне келгендей болдым.

Ең алғашқы алған әсерім, ол – иіс. Карболды сабын, балғын ұлу, жүгері құймағы мен қуырылған шошқа еті сатылатын көшедегі дүңгіршіктерден шыққан отын иісі; Петион-Вилле маңындағы бақтардан шыққан тропикалық жапырақтар иісі. 25 жыл бойы Францияда қашып жүріп, 2011 жылы еліне науқастанып оралған Бэби Док мықты күзет қойылған жерлердің бірінде өмірінің соңғы күндерін өткізіпті. 2014 жылдың 4 қазанында қайтыс болған экс-диктатордың елде болуы жергілікті халыққа аса бір қатты әсер еткен жоқ. Өйткені халық тың басқа да бас қатырар мәселесі толып жатты… Парламент және өзін-өзі басқару органдарына сайлау 3 жылға кешігіп жатты. Кезінде Гаити әні konpa-ны орындаған Президент Мишель Мартейидің («Тәтті Микки») электорат кеңесі сайлаудың белгісіз уақытқа дейін шегерілгендігін хабарлады. Ақыры, алғашқы парламент сайлауы 2015 жылдың тамыз айында өтті. (Осыны оқып отырған кезде парламент және президент сайлауының болған, болмағанын тексеріңіз.) Елдің кейбір азаматтары Гаитиді демократиядан гөрі анархияға көп жақын деп есептейді.

Ел астанасы көшелерінде мысқыл аралас түрлі граффитилер толып жатыр. «Билік = Мартейи», 2004 жылдан бері елде мыңдаған әскерилерді ұстап тұрған Біріккен Ұлттар Ұйымының Гаитидегі тұрақтылық бойынша мисссиясының (MINUSTAH) жүргізіліп жатқандығын көрсетеді. «Мартейи = тырысқақ» – 2010 жылдың соңына қарай Гаитиде тараған тырысқақ эпидемиясын халық Непалдың MINUSTAH қатарындағы әскерінен жұқты деп есептейді. «Мартейи = бүрге» оның бозарған жүзін сипаттайды және оның отандастарының қанын ішетін қасиетін білдіреді. Сонымен қатар «Мартейи = отарлаушылардың қызметшісі» деп жазылған граффити оның Вашингтонға жағымпаздығын көрсетеді.

«Үкімет үлкен бір ор қазды, бірақ олар осы орды толтыру үшін бізден энергияның, бастама мен байлықтың әрбір соңғы тамшысын алып кетіп жатқан адамдарға қарсы еш әрекет жасамай отыр», – деді маған Никсон Боумба. «Байлығымыз біреудің қолында кеткенін қаламаймыз. Өзіміз үшін, жеріміз үшін және аяғымыздың астындағы байлық үшін күресті тоқтатпауымыз керек».

Боумба ГАИТИЛЫҚТАР АЯҒЫНЫҢ АСТЫНДАҒЫ БАЙЛЫҚ туралы айтқан кезде ешқандай метафора қолданбады. Гаити жерінің астындағы алтын, күміс, мыс, иридий секілді басқа да минералды заттардың көлемі белгісіз, бірақ зерттеу мақсатында жүргізілген бұрғылау жұмыстары нәтижесінде шамамен 20 млрд долларлық байлық бар деген болжам жасалды. 2012 жылдың желтоқсан айында Энергия және кен өндіру басқармасы алтын мен мыс өндіруге алғашқы үш өтінішті қарап шықты. Бір парламент мүшесі кейіннен бұл шешімдер туралы радиодан естігенін айтып шағымданыпты. Екі айдан кейін сенат резолюция қабылдап, кен өндіруге мораторий жариялады. Осы тығырықтан шығып, кен өндіруді қайта жандандыру мақсатында ел үкіметі Дүниежүзілік банк қызметіне жүгінуге тура келді. Осылайша кен өндіру заңы өзгеріске ұшырап, компаниялар мен үкімет арасында өзара байланыс пайда болды.

2015 жылдың қаңтар айында Гаитидің «Тау-кен өндірісі әділеттік ұжымы» Нью-Йорк университетінің Заң ғылымдары мектебінің «Ғаламдық Әділет Клиникасы» мен Калифорнияда негізделген компаниямен бірлесіп Дүниежүзілік Банк үстіне шағым түсірді. Шағымда гаитилықтар бұл Банк қаржыландыратын шаралардан тыс қалып отырғандығы, Гаити алтыны мен өзге де минералдар өндірісін қаржыландырып, шетел инвесторларын тартуға арналған жаңа заңнама жобасы жасалмай жатқандығы жайлы айтылды. Ақпан айында Халықаралық қаржы ұйымы демеушілік ететін жобаларға қатысты адамдардан келіп түскен шағымдарды қарастыру мақсатында құрылған Тексеру алқасы техникалық себептерге байланысты шағымды тіркемеді.

Гаитидің кейбір белсенділері Дүниежүзілік банктің шетелдік кен өндіру кәсіпорындарымен өзара жылы қарым-қатынастары мен Гаитидің азаматтық қоғам топтарының АҚШ-тың арзан күрішінің көптеп келуі сияқты мәселелерге қатты алаңдады. «Қайта отарлау екі жолмен жүргізіледі», – дейді Боумба. «Шетелдік ұйымдар не нарығыңды өз өнімдерімен жаулап алу үшін сенің жеріңді пайдаланады немесе сенің қолыңдағыны ұрлайды. Бірақ бізде кен өндіру әрекеттеріне төтеп беруге дайын топтар бар». Ол елдің шалғай солтүстік-батысында тұратын жас фермер әрі белсенді Сэмуел Неснер туралы және оның бос уақытында фермерлерге өз құқықтарын қорғап, жерлерінен кен көздерін алып кететіндердің тілін жақсырақ түсінуге көмектесіп жүргендігі жайлы айтты.

Порт-о-Пренстен Труа-Ривьердегі Ривьера жағасында орналасқан Шансольм қауымдастығына дейін көлікпен алты сағатта жетуге болады. Бірақ ауыл қаладан мүлдем бөлек. Бұл – осы әңгіме үшін фотосуреттер түсірген студенттердің көзімен қарағандағы Гаитидің дәл өзі. Шынайы үй осындай болуы тиіс. Манго мен пальма ағаштары нашар, лас жолға көрік береді. Кейбір жерлерде сейба ағаштары қылаң береді. Алып ағаштардың биіктігі 60 метрге дейін жетеді. Вудудағы Локо үшін қасиетті және өсімдіктердің рухы мен ғибадатханалардың қорғаушысы деп бұл ағаштарды ешкім кеспеген. Жиектерінің бойымен көлікпен жүргенде бірде көрініп, бірде көрінбей ағып жатқан өзен тұнық әрі ағысы қатты. Аздаған мал табыны жағалауларында жайылып жүр. Ауыл балалары суға шомылып, асыр салуда.

april-590

МАРИЯ АРАГО

 

FotoKonbit студенттерінің, оның ішінде Профет Мирмараның (сол жақта) басқа да фотосуреттері мен оған қатысты жазбаларын мына сілтеме бойынша қараңыз:

ngm.com/more

Жиырма сегіз жастағы Неснер мені Шансольмде күтіп алды. Отбасындағылардың барлығының тегі Неснер, бірақ Сэмуел туылған кезде хат танымайтын анасы куәлікке оның есімін басқа біреуге жазғызады. «Мен Гаитидегі осындай аты бар жалғыз адам шығармын деп ойлаймын», – дейді ол. Неснер алтыға толған кезде оның әкесі жүрек ауруынан көз жұмған, сондықтан да болар, ол әке тұлғасын әрдайым іздеумен келеді. Неснер 17-ге толғанда осы аймаққа отыз жыл бұрын жас жұбай ретінде қоныс аударған, қауымдастықтың тәжірибелі белсендісі 55 жастағы Ханси Виксамарды кездестірді.

007

АВТОРЫ: СМИТ НЬЮВИМ, 32-де. КҮН САЙЫН КЭМП ПЕРРИНДЕГІ ТОҒАНДА ДЖОННИ ПЬЕР ҚОЛЫНДА БАР МҮМКІНДІКТІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНАДЫ. «ОТБАСЫ ҮШІН ОНЫҢ АЙЛАП БАЛЫҚ АУЛАҒАНЫН КӨРДІМ, – ДЕЙДІ НЬЮВИМ – ТАҢ АТЫП БАРА ЖАТҚАНДАҒЫ ОСЫ КӨРІНІСТІ ТҮСІРІП АЛҒЫМ КЕЛДІ».

Виксамардың үйіне ертіп бара жатқанда Неснер өз ортасында ерікті болуға ынталандырған қария кісі екенін айтты. «Ол бұның барлығы білім мен сенімділікке қатысты екенін үнемі еске салып отырады», – деді Неснер. «Тарих көрсеткендей кен өндіру қоршаған ортаға кері әсер етіп, су мен топырақты улады. Білімсіз, хат танымайтын шаруа инженерлік білімі бар немесе саяси билігі бар немесе Дүниежүзілік банктің адамымен қалай дауласа алады?». Мәселе осында жатыр…

Біз үйге жеткен кезде аппақ таза ішкөйлек пен шолақ шалбар киген арық, әлсіз Виксамарды дәлізде қимылсыз отырған күйінде көрдік. Ол сусамырмен ауырады екен, жақында инфаркт алыпты. Оны Порт-о-Пренс ауруханасына жатқызғанмен, жағдайы түзелмеді. «Төрінен, көрі жақын деп ойлағанбыз, – дейді әйелі Мишелин. – Бірақ кейін оған Вуду әруақтары келіп, оның үйге қайтуы керектігін айтыпты. Бұл оны қайта тірілтті».

014

ПАУЛ СЕНТ ФЛЮР, 20-да • ЖАКМЕЛЬДЕГІ КАРНАВАЛ

008

ФИЛОМЕН ДЖОЗЕВ, 20-да • ЖАКМЕЛЬДЕГІ РУЭ ДУ САУДАСЫ

ВИДЕНС СЕЖОР, 20-да • ПОРТ-О-ПРЕНС СЫРТЫНДАҒЫ КРОС ДЕС БУТИКТЕРІ

ВИДЕНС СЕЖОР, 20-да • ПОРТ-О-ПРЕНС СЫРТЫНДАҒЫ КРОС ДЕС БУТИКТЕРІ

МАНИЖ МЕСИДОР, 35-те • ЛАБАДИДЕГІ СЕНТ ДЖЕФНИ ХИЛАРИ

МАНИЖ МЕСИДОР, 35-те • ЛАБАДИДЕГІ СЕНТ ДЖЕФНИ ХИЛАРИ

КОНСТАНИЗ БАРТЕЛЕМИ, 30-да • КЭП-ГАИТИДЕГІ НОТР-ДЭМ КАФЕДРАЛЫ

КОНСТАНИЗ БАРТЕЛЕМИ, 30-да • КЭП-ГАИТИДЕГІ НОТР-ДЭМ КАФЕДРАЛЫ

КРИСТИАНИ ДЖЕРОМИ, 15-те • ЖАКМЕЛЬДЕГІ ТАИША ГУЛОТИ

КРИСТИАНИ ДЖЕРОМИ, 15-те • ЖАКМЕЛЬДЕГІ ТАИША ГУЛОТИ

ФИЛОМЕН ДЖОЗЕВ • ПЕТИТ РИВЕРИЯ ДЭ ЛАРТИВОНИТЕДЕГІ ПЕТР МИХАИЛ

ФИЛОМЕН ДЖОЗЕВ • ПЕТИТ РИВЕРИЯ ДЭ ЛАРТИВОНИТЕДЕГІ ПЕТР МИХАИЛ

Бұл ел — жер сілкінісінен қалған қирандылар елі емес, бұл − күн сәулесі су бетінде ойнаған, балақандар асыр салып тойлаған таңғажайып мекен.

ОДАЛИН САРА ВИНСЕНТ, 15-ТЕ • КЕТИА АПАЛЫ-СІҢЛІ, РОУЗ ГЕРЛИН, ЖӘНЕ ФАБИОЛА КЭП РОУЖДА

ОДАЛИН САРА ВИНСЕНТ, 15-ТЕ • КЕТИА АПАЛЫ-СІҢЛІ, РОУЗ ГЕРЛИН, ЖӘНЕ ФАБИОЛА КЭП РОУЖДА

ДЖОЗЕВ ФИЛОМЕН • БОУНДЕТ ТИ ПЛЕИС ЖАНЫНДАҒЫ МАХИ СЕНТ ЖАКУЕЗ

ДЖОЗЕВ ФИЛОМЕН • БОУНДЕТ ТИ ПЛЕИС ЖАНЫНДАҒЫ МАХИ СЕНТ ЖАКУЕЗ

ФИЛОМЕН ДЖОЗЕВ • ЖАКМЕЛЬДЕГІ БАЛА ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮШІГІ

ФИЛОМЕН ДЖОЗЕВ • ЖАКМЕЛЬДЕГІ БАЛА ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮШІГІ

ВИЛКИ ДОУЗ, 19-да • КЭП-ГАИТИДАҒЫ АЛЕКСАНДРИЯ ДУМАС ФИЛЬС КОЛЛЕДЖІ

ВИЛКИ ДОУЗ, 19-да • КЭП-ГАИТИДАҒЫ АЛЕКСАНДРИЯ ДУМАС ФИЛЬС КОЛЛЕДЖІ

Менің қойған сұрақтарыма Виксамар жұмсақ кідіріп, бірақ байсалды жауап беріп отырды. Ол әңгімесін айтқан сайын, менің қызығушылығым арта түсті, ал ол сабырлылығынан еш таймады. 1988 жылдың тамызында Дювальеліктердің сыбайластары басқарғаннан кейінгі аласапыранға толы уақытша үкімет тұсында Виксамар фермерлерге кофенің бағасын анықтауға көмектескені үшін тұтқынға алынды. «Шаруалар кофені өсіру үшін талмай еңбек етті, ал бұрынғы әскерилер, заңгерлер, соттар, биліктегі дөкейлер болса оларға өте аз ақша төлейтін, кейде мүлдем төлемей қоятын», – дейді ол. – «Бәріміз бірігіп, басқаларға жем болмау үшін қарсылық көрсетуіміз қажет екендігін түсіндім».

Фермерлер түрмеге жиналып, Виксамарды босатуын талап етті. «Бұл мені одан сайын жігерлендіре түсті», – дейді ол. «Осыдан кейін шаруалар арасында ауызбіршілік пайда болды. Бұл тегін көмек пен миссионерлер келіп, сол бірлікті бұзғанға дейін жалғасты. Бірақ сол рухтың жұрнағы әлі де бар».

АВТОРЫ: ФИЛОМЕН ДЖОЗЕФ, 20-да. 2010 ЖЫЛЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНДЕ ҚИРАҒАН, ЖАКМЕЛЬДЕГІ ТАРИХИ МЭНОЙР АЛЕКСАНДРИЯ ҚАЛАСЫНЫҢ БАСТЫ АЛАҢЫНДА ҚАЙТА САЛЫНУДА. ДЖОЗЕФТЫҢ АЙТУЫНША КӨРІНІСТІҢ ӨЗ ЕРЕКШЕЛІГІ БАР: «МАҒАН БҰРЫНҒЫ КЕЛБЕТІ ДЕ, ҚАЗІРГІСІ ДЕ ҰНАЙДЫ».

АВТОРЫ: ФИЛОМЕН ДЖОЗЕФ, 20-да.
2010 ЖЫЛЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНДЕ ҚИРАҒАН, ЖАКМЕЛЬДЕГІ ТАРИХИ МЭНОЙР АЛЕКСАНДРИЯ ҚАЛАСЫНЫҢ БАСТЫ АЛАҢЫНДА ҚАЙТА САЛЫНУДА. ДЖОЗЕФТЫҢ АЙТУЫНША КӨРІНІСТІҢ ӨЗ ЕРЕКШЕЛІГІ БАР: «МАҒАН БҰРЫНҒЫ КЕЛБЕТІ ДЕ, ҚАЗІРГІСІ ДЕ ҰНАЙДЫ».

Сосын Виксамар дірілдеген қолын көтеріп, ойынан жаңылған адамдай бақша жаққа қарай қолын сілтеді. «Біз әйелім екеуміз осы жерге келгенде», – деп сөзін сабақтады ол. – «Мұнда бір ғана манго ағашы болатын. Біз үйімізді осы ағаштың жанынан салдық. Таңнан кешке дейін егін егумен болдық. Бұны кез келген жерде жасауға болады. Бір манго мың манго болып, ну орманға айналды». Оның теңеумен сөйлеп отырғанын кейін түсіндім. Манго ағашы деп ол өзін айтып отыр. Ал жаңа жергілікті орманның аты Сэмуел еді.

Түске қарай Виксамар шаршай бастады. Мен кетпес бұрын, одан «Гаитиден тыс жатқан әлемге айтарыңыз бар ма» деп сұрадым. Ол жымиды да, «АҚШ билігіне айта баршы, біздің елімізді мазалауын тоқтатсын және өз тағдырымызды өз қолымыз ға берсін. Бұл әлемге бейбітшілік әкеледі», – деді.

Виксамардың сөзі сенімсіздеу шықты, бірақ солай бола тұра бәрібір тарихқа деген нақты, кесіп айтылған жауап еді. Неснер де өз пікірін қосты: «Егер қарапайым гаитилықтар өз жерінің пайдалы қазбаларын өздері игеру мүмкіндігіне ие болса, жағдай күрт өзгеруі мүмкін», – армандарының орындалуы екіталай екендігі оны түк алаңдатпайтын сияқты. – «Гаити халқы ықылым заманнан бері қарсыласып келеді. Бізді құлдыққа бермейтін нәрсе – Вуду, басып алғысы келетіндер алдымен бізді Вудудан айыруы қажет. Бірақ бұл мүмкін емес. Осы күнге дейін не көрмедік? Мың өліп, мың тірілдік, алайда бізді ешкім жоя алмады».

Кейіннен мен Неснердің гаитилықтар жайлы тебірене айтқан сөздерін терең ой сүзгісінен өткізе отырып түсіндім. Басқа адамдар апат алапатын ғана көрген жерден ол ортақ мәдениетке жігерленген африкалық құлдар бастаған күрес тарихын көреді екен.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля