Қарағанды мен Қостанай облысы шекарасындағы Ұлытау ауданында орналасқан Ақжар жоталарын алғаш көрген адам таңданысын жасыра алмайды. Бір қырынан қарасаңыз шатқалға, екінші қырынан Аустралиядағы Улуру төбешігіне ұқсайды. Құрылымы өзгеше тау жоталары саз балшық пен сан түрлі минералды тыңайтқыштармен араласып, кемпірқосақ тәрізді 6-7 түске боялған.
Жалпы аумағы да, топырағының құрамы да әлі толық зерттеле қоймаған бұл жоталардың биіктігі 30-40 метрге жетеді.
Өкініштісі, Ақжар жотасы Шарын шатқалы мен Маңғыстау үстірті секілді жан-жақты насихатталмағандықтан, онда туристер тарту ісі кенжелеп тұр.
Фото: Ерболат Шадрахов, Бекзат Сайназар