..."/>
ЗЕРТТЕУ

Сейшелдердің қайта оралуы

001

Шалғай Альдабра атоллындағы таяздығы бірнеше сантиметрлік жылы теңіз қолтығында сенделген қара қанатты риф акулалары судың көтерілуін күтіп жатыр.

Альдабраның алып тасбақалары Гранде Терре аралының берік корал жартастарының қуыс үңгірлерін паналау үшін күндізгі аптап ыстықтан қашуда. Бұл – тасбақалардың азықтанатын жері мен үңгірлер арасында жүріп жататын баяу да ауыр көші.

Альдабраның алып тасбақалары Гранде Терре аралының берік корал жартастарының қуыс үңгірлерін паналау үшін күндізгі аптап ыстықтан қашуда. Бұл – тасбақалардың азықтанатын жері мен үңгірлер арасында жүріп жататын баяу да ауыр көші.

Жекеменшіктегі Сэнт Джозеф Атоллы бір кездері балық және кокос жаңғақтары үшін коммерциялық мақсатта пайдаланылған, алайда қазір ол өзінің теңіз құстары колониялары және теңіз жануарларының әртүрлілігімен бағаланады. 2014 жылы арал қорғалатын теңіз аймағы бар табиғи қорыққа айналды. Ондағы қоршаған ортаны қорғау ісімен «Теңіздерімізді сақтаңыз қоры» айналысады.

Жекеменшіктегі Сэнт Джозеф Атоллы бір кездері балық және кокос жаңғақтары үшін коммерциялық мақсатта пайдаланылған, алайда қазір ол өзінің теңіз құстары колониялары және теңіз жануарларының әртүрлілігімен бағаланады. 2014 жылы арал қорғалатын теңіз аймағы бар табиғи қорыққа айналды. Ондағы қоршаған ортаны қорғау ісімен «Теңіздерімізді сақтаңыз қоры» айналысады.

Авторы: Кэннеди Уорн

Фото: Томас П. Песчак

Ник Пэйдж – беті күнге күйген, бұйра қара шашты жаңазеландиялық азамат Ассампшен аралында іздеу салынғандар қатары на кіретін қызыл жақсақалды бюльбюльдың суретін ұстап тұр. Ол құстың Могавк шаш үлгісі секілді қара айдары мен әр көзінің артында қанық қызыл түсті қауырсындар шоқтығы бар. 2013 жылдан бері қоршаған ортаны қорғаушы аңшылар тобы Мадагаскар аралынан солтүстікке қарай 400 шақырым қашықтықта орналасқан 12 шаршы шақырымдық, үтір пішіндес осы аралда 5278 қызыл шырайлы бюльбюльды атып, торға түсірді. Қазір онда бұл құс тың бір ғана түрі қалған.

Пэйдж атылған құстар санын екі рет 5279-ға жет кі зуге аз қалған болатын, бірінші рет – кезқұйрық тас төбеден ұшып, олжаны үркітсе, екінші рет – кенеттен нөсер құйып кетті. Алайда Пэйдж тасада біраз тұрып-ақ, кішкене сәттілік болса бюльбюльды атып түсіретіндігін айтты. Ол езу тарта бас бармағын шошайтып: «Міне, бұл нысананың көлемі» – деді.

Қызыл жақсақалды бюльбюль – дірілді әуен сала тын ширақ құс. Бұл Азия тұқымдастарын Ассамп шен аралына Маврикийден 1970 жылы үй құсы ретінде гуано кеншілері алып келген болатын. Олардың тордан сытылып кеткендігі, не әдейі боса тылғандығы белгісіз. Алайда олардың саны тез артып, үй құсынан ауылшаруашылық зиян кес теріне айналды. Оларды жою әрекеттері Ассамп шен аралына қоныс тепкендігінен емес, Үнді мұхитыннан 28 шақырым қашықтықта орна лас қан Альдабра аралына жету қау пі мен байланыстырылады.

Жәндікқоректі өсімдіктер сұйықтық толы құмыраларына түскен жемтіктермен қоректенеді. Бұл эндемикалық өсімдік түрлері Сейшелдердің тек екі аралында ғана кездеседі.

Жәндікқоректі өсімдіктер сұйықтық толы құмыраларына түскен жемтіктермен қоректенеді. Бұл эндемикалық өсімдік түрлері Сейшелдердің тек екі аралында ғана кездеседі.

Альдабра – Сейшелдің 115 аралы мен атоллдарының ең батысында орналасқан әрі әлемнің ең маңызды табиғи қорықтарының бірі. Оның биологиялық қазыналарының бірі жергілікті бюльбюль саналады. Қоршаған ортаны қорғаушы топ егер азия лық иммигранттар аралда қоныс тебетін болса, олар жергілікті бюльбюльдармен, басқа да жергілікті құстармен шектеулі азық қорлары үшін таласып түсе отырып, осындағы омыртқасыз жануарларды аулайды, зиянды өсімдіктердің тұқымдарын таратады деп қауіптенуде.

Жою жобасының жетекшісі Джессика Моумоу маған «құндылықтарды сақтап қалу үшін сіз бас қын  шыларға төтеп беруіңіз керек» дейді. «Қызыл шырайлы бюльбюльдар бұған дейін бір рет Альдаб раға жеткен, олар оны тағы да қайталауы мүмкін». Альдабраға басшылық ететін Сейшел аралдары қоры бұндай тәуекелге бара алмайды, сондықтан олар бұл қиындықпен өз ошағында, яғни Ассампшен аралдарында күресіп отыр.

Бюльбюльдар аңшылар нысанаға алған жалғыз құс емес. Мадагаскар фудиі де жойылып жатыр. Альдабрада оның да қарсыласы бар. 2000 жылдардың басында сырттан келген фуди Альдабрадан табылып, жою талпыныстары басталмас бұрын олардың саны 100-ге жетіп үлгерген еді.

Бір құсты сақтап қалу үшін екіншісінің көзін құрту кесірлі әрекет немесе табиғат істеріне орынсыз араласу болып көрінуі мүмкін. Ол бір түрді алып, орнына екінші түрді қойып, табиғатты басқару секілді көрінеді.

Қайта қалыпқа келтіруші экологтар «өз қо лыңмен бүл дірген нәрсені, өзің жөндеуің керек» де ген қағи даны ұстана отырып, бұл жағдаятқа бас қа ша қарайды. Адамдар алып келген жаңа түрлер арал дың экожүйесін өзгертті, ал кей жағдайларда оны адам танымастай күйге түсірді.

Бұл әсіресе, келімсектер сүтқоректі болған жағдай да айқын білінеді. Сейшелдер секілді оқшауланған топарларда өмір толықтай дерлік сүтқоректілердің қатысуынсыз эволюцияланды. Бұл жердегі жалғыз жергілікті сүтқоректілер – жарқанаттар. Аралдағы жануар түрлері сүтқоректі жыртқыштар мен кұрлықтарда дамыған бәсекелестікке қарсы тұра алмайды. Қайта қалыпқа келтіру экологиялық ойын ережелерін теңгеруді көздейді. Кейде оны жүзеге асырудың жалғыз жолы ойын алаңынан ойран даушыларды құрту болып табылады.

СУРЕТКЕ ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАРТЫЛАЙ ТЕҢІЗДЕРІМІЗДІ САҚТАҢЫЗ ҚОРЫМЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ.
Үй құстары ретінде әкелінген сақинамойын Psittacula krameri тотықұстары еркіндікке қашып, қазір Праслен аралында шоғырланған ұлттық құс саналатын сейшелдік қара тотықұсқа қауіп төндіруде. Жалдамалы атқыштар басқыншының көзін құртуға тырысып жатыр.

Үй құстары ретінде әкелінген сақинамойын Psittacula krameri тотықұстары еркіндікке қашып, қазір Праслен аралында шоғырланған ұлттық құс саналатын сейшелдік қара тотықұсқа қауіп төндіруде. Жалдамалы атқыштар басқыншының көзін құртуға тырысып жатыр.

Пэйджді кездестіргеннен кейін он күн өткен кезде, ол соңғы қызыл жақсақалды бюльбюльды атып өлтірді.

Біз адам әрекеті салдарынан, түрлердің құрып кетуінің алтыншы жаппай жойылу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, деп айтылып жүр. Бұл үрдісті қалай өзгертуге болады? Сейшел Конституциясының кіріспе сөздерін декламациялаудан бастауға болады: «Біз Сейшел аралдарының халқы, әлемдегі ең әдемі елдердің бірінде өмір сүріп жатқандығымыз үшін Құдіреті күшті Құдайға шексіз ризамыз; Сейшелдердің бірегейлігін және нәзіктігін әрқашан жадымызда сақтай отырып, өзіміз және ұрпақтарымыз үшін қауіпсіз, сау және өміршең қоршаған ортаны сақтап қалуға міндеттеме аламыз».

Егер бұл қоршаған ортаны қорғаушылардың үндеухаты секілді естілсе, ол солай болуға тиісті, себебі Сейшелде сақтап қалынуы тиіс дүние, әсіресе, топаралдың шығысындағы гранит аралдарында өте көп. 93 000 сейшелдіктің басым бөлігі тұратын бұл аралдар 125 миллион жыл бұрын Үндістан және Мадагаскармен бірге Гондвана суперконтинентінен бөлінген, су астында қалған құрлықтың тау шыңдары. Онда ежелгі флора мен фауна сақталған.

Дәуірлер бойы созылған эволюциялық оқшаулық жаңа биологиялық қорлардың кездейсоқ толығуымен бірге көптеген таңғажайып жануар түрлерін тудырды. Олардың қатарында: адам тырнағынан да кішкентай болатын құрбақалар, салмағы ширек тоннаға жететін алып тасбақалар, үстіге түссе – бас жаратындай үлкен жаңғақты пальмалар мен аяғы есілген өрмекші және көлемі мысықтай теңіз шаяндары бар.

Гранит аралдарының ең шығысында орналасқаны – Фрегат. Ол – салтанатты шипажайлары бар, бірнеше хайуанаттар мекен ететін жекеменшік арал және бұл олар үшін соңғы баспана болып табылады. Осы құстардың бірі – сайрауықтар тұқымдасына жататын сейшелдік сайрауық. Ғажайып қара-ала қауырсындары мен қызыққұмар мінезі оны осы маңның сүйікті жануарына айналдырды. Бір кездерде кең таралғанымен, 1960 жылдардың ортасында олардың 15-і ғана қалыпты, барлығы да осы екі шаршы шақырымнан сәл ғана асатын аралды мекендейді. Қоршаған ортаны қорғаушылар қайта қалыпқа келтіру бағдарламасын іске қосты. Жабайы мысықтардың көзі жойылды. Көбею мүмкіндігін арттыру мақсатында сайрауықтар азықпен және қорап ұялармен қамтамасыз етілді. Сандары азая бастағандықтан құрып кетуден сақтау мақсатында құстар жыртқыштары жоқ басқа аралдағы қорықтарға көшірілді. Бүгінде олардың саны бірнеше жүзге жетті.

Көнелер тобының тағы бір өкілі – алып қырықаяқ немесе сейшель кивсягі: жылтыр қара, жуандығы саусақтай, ұзындығы 15 сантиметр. Олар топ-топ болып, аралдың жолдарын алаңсыз кесіп өтеді. «Мен қырықаяқтарды баспаймын» деген бампер жапсырмасы шипажай қонақтары пайдаланатын гольф көліктеріне жақсы жарасар еді. Алып қырық аяқтар түнде өте белсенді болады, сондықтан да мен шипажайдың қоршаған ортаны қорғаушылар жетекшісі Таня Лейбрикпен бірге орман ішіндегі түнгі серуенге шықтым. Асықпай аяңдаған жақсы серуен болды, жәндікті баспау үшін әр қадам сайын сақтық жасалды. Ғалымдардың есептеуінше, 24 сағаттың ішінде орманда үзіліп түсетін жапырақтардың бестен бірімен аш қырықаяқтар қоректенеді.

Жақын жердегі орманды шолып жүріп, біздің шам ымыздың сәулесі жалғыз жүрген сұр-қоңыр қоңызға түсті. Олардың құрсақтарында Брайль шрифі секілді бүдірлері және әр аяғының ұшын- да екі шағын ілгегі бар. Мен жабайы табиғатта тек Фрегатта ғана кездесетін және қара денелі қоңыздар тұқымдастарына жататын бұл ең үлкен түрді кездестір уге үміттенген едім.

ДЕРЕККӨЗ: ДЖЕРАРД РАКАМОДА, СЕЙШЕЛДЕГІ БАСҚЫНШЫ СЫРТТАН КЕЛГЕН ТҮРЛЕР, АРАЛДЫҢ БИОӘРТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ, СЕЙШЕЛ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ТАРИХ МУЗЕЙІ, БИОТОП БАСЫЛЫМЫ; АРДЖАН ДЕ ГРОЕН, ГРИН АРАЛЫ ҚОРЫ, ДЖОАННА СМИТ, TNC КАНАДА, ДЖАСТИН ПРОСПЕР, СЕЙШЕЛДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ; КЭТИ БИВЕР, ӨСІМДІКТЕРДІ САҚТАУ ҚЫЗМЕТІ; ФИЛИП ХАУПТ, СЕЙШЕЛ АРАЛДАРЫ ҚОРЫ; РИК ТИНГЕЙ, КЕҢІСТІКТІ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Кокос шаяндарының аман қалған ең соңғы популяциясы батыс Үнді мұхитындағы Альдабрада ғана бар. Басқа жерлерде, аяқтарының арасы бір метрге дейін жететін құрлықтық ең үлкен буынаяқтылар адам азығына айналып құрып кеткен.

Кокос шаяндарының аман қалған ең соңғы популяциясы батыс Үнді мұхитындағы Альдабрада ғана бар. Басқа жерлерде, аяқтарының арасы бір метрге дейін жететін құрлықтық ең үлкен буынаяқтылар адам азығына айналып құрып кеткен.

007

008

1990 жылдардың ортасында егеуқұйрықтар Фрегат аралына жеткен кезде алып қырықаяқтар (жоғарыда) мен ұшпайтын қара денелі қоңыздарға (жоғарыда, ғалымдар нөмірлеген) құрып кету қаупі төнді. Халықаралық әрекеттің арқасында арал кеміргіштерден азат қорық ретінде қалпына келтірілді. Праслен аралындағы Әлемдік мұра саналатын Валле­де­Мэйдегі ағаш шырышты ұлулары (оң жақта) қоректену үшін сейшель пальмасы (теңіз кокосының) гүлдеріне жиналады. Бұл – басқа өсімдіктермен салыстырғанда ең үлкен дәндері бар, ғажайып жергілікті өсімдік.

009

Бұл – алып (ұзындығы 3 сантиметрге дейін жетеді), бейбіт жәндіктердің қалай аман қалғаны ғажап оқиға. 1995 жылы Фрегатқа егеуқұйрықтар келді. Сейшелдіктердің бұл үлкен қоңызға берген атауы bib arme, яғни «сауытты қоңыз», алайда қаңқалық сауыттың қаншалықты үлкен көлемі болмасын, бұл оны және қырықаяқтарды, ағаш шырышты ұлуларды, аяғы есілген өрмекші мен басқа да омыртқасыздарды кемірушілердің тісінен қорғай алмайды. Төрт жылдың ішінде қара денелі қоңыздардың саны 80 пайызға дейін күрт төмендеді.

Экологиялық апаттың алдын алу үшін халықаралық көмек үшін үндеу жасалып, 2000 жылы Фрегат егеуқұйрықтардан азат етілді.

Бүгінде ақ бізтұмсық қарқылдақ төл ормандары қайта қалпына келіп жатқан жекеменшік Cousine аралында пырылдап ұшып жүр. Ол Праслин жағалауларынан алыс емес жерде орналасқан. Бұл Сейшелдердің қайта қалпына келтіру жұмыстарының жемісі мен нәтижесі. Сән-салтанаты жарасқан бұл шипажай аралды қалыпқа келтіруге бағытталған жобаларды қаржыландыруға сеп болып жүр.

Бүгінде ақ бізтұмсық қарқылдақ төл ормандары қайта қалпына келіп жатқан жекеменшік Cousine аралында пырылдап ұшып жүр. Ол Праслин жағалауларынан алыс емес жерде орналасқан. Бұл Сейшелдердің қайта қалпына келтіру жұмыстарының жемісі мен нәтижесі. Сән-салтанаты жарасқан бұл шипажай аралды қалыпқа келтіруге бағытталған жобаларды қаржыландыруға сеп болып жүр.

Аяғымыздың астынан жіңішке, бозғылт көк жылан пайда болды. Лейбрик жыланды емес, Сейшелдердің тағы бір ерекше жануары – «цецилия» деп аталатын аяқсыз қосмекендіні көру үшін жапырақтарды ысырды. Үшкір басты жануар денесін шапшаң ирелеңдетті де қауіпсіз ұясына кіріп кетті. Цецилиялар ертеде Гондванадан бөліну кезінен бері қалған ежелгі Сейшелдік мақұлықтар деп есептеледі. Бұндай түрлер «абсолютті эндемикалық түрлер» деген атпен белгілі, себебі олардың генетикалық шығу тегі ежелгі заманнан бастау алады.

«Аралдардың аз ғана бөлігі Сейшелдермен бәсекелесе алады. Галапагос Дарвиннің арқасында танымал болды, алайда Сейшелдер де одан кем емес» – дейді қоршаған ортаны қорғау шы эколог Кристофер Кайзер-Банбери. Мен Сейшелдің бас ты аралы Маэда орналасқан жапырақтары қарама-қарсы өсетін Медузагина ағашын көру үшін Кайзер-Банберимен бірге жоғары өрмеледім. Экологиялық зақымданған басқа да аралдардағы секілді сирек кездесетін түрлерді көру үшін ауылшаруашылығы мен тұрғындардың қолы жете бермейтін тау шыңдарына шығуыңыз керек. Біз, ғалымдарға – аралдық тау, ал сейшелдіктерге – glacis деген атпен белгілі гранит жыныстардың біріне өрмелеп шықтық. Ол – мыңжылдық жауындар мен желдердің салдарынан пішіні қалыптасқан, жасыл орманның үстінде томпайып тұрған, тақыр қызғылт-сұр жыныс тардан құралған қырлар.

Өсімдіктер жарықтарға тамыр жайып, гранитті уатуда және бұл жерде тіршілік ететіндердің көпшілігі, Медузагинамен қоса, эндемикалық болып табылады. Бұл ерекше түрлердің көбеюге қабілетті жиырмаға жуығы тек осы жерде ғана кездеседі. Бұл жер аптап ыстық және жаңбыр көп жауатындықтан жапырақтары қарама-қарсы өсетін Медузагина ағашынан өсімдіктер үшін төзімсіз болып келеді. Белгісіз себептерге байланысты тұқымдар жабайы табиғатта сирек бүршіктенеді – бұл құрып кету қау пі туған өсімдіктер үшін үлкен тосқауыл. Біз тапқан үлгі сау болып көрінді, алайда жарқырап тұрған жапырақтардың арасынан тек бірнеше ғана медузаға ұқсас айрықша бұршаққын байқалды. Ежелден бері көнелер үшін қорған болып келген бұл арал ішіндегі аралдар болып табылатын осы тауда оқшауланған түрлер үшін қайта қалыпқа келу ұзақ жол болмақ.

Альдабраның шығанағындағы су көтерілген сәтте теңіз жайылымында жүрген жасыл тасбақалар. Осы және Сейшелдердің өзге аралдарында адамдардың табиғатқа қол сұғуы енді оны қорғау мен қалпына келтіруге деген сүйіспеншілікпен алмасты.

Альдабраның шығанағындағы су көтерілген сәтте теңіз жайылымында жүрген жасыл тасбақалар. Осы және Сейшелдердің өзге аралдарында адамдардың табиғатқа қол сұғуы енді оны қорғау мен қалпына келтіруге деген сүйіспеншілікпен алмасты.

Тау етегінде, ылди жер тропикалық орманмен түйісетін тұста эндемикалық өсімдіктердің тамыр жаюына көмектесу үшін басқыншы өсімдіктерді орып, жас кокос алхорысы, гуайява, даршын ұрықтарын қопарып алып жатқан жұмысшылар тобын кездестірдік. Кайзер-Банберидің айтуынша, қайта қалыпқа келтірудің мақсаты – жүз жыл бұрын, мың жыл бұрын немесе он мың жыл бұрынғы табиғатты емес, экожүйенің тұтастығын және функционалдығын қайта қалпына келтіру. Бұл – ыдыраған жүйе нің тірі бөлшектеріне қайта қосылуға мүмкіндік беріп, оларды тарихи траекториясына қайтарумен байланысты әрекет. «Біз жай диқаншылықпен айналысып жүрген жоқпыз, біз жүйеге өз жолын қайта табуға көмектесеміз» – дейді ол.

«Биоалуантүрліліктің атасы» биолог Эдвард О. Уилсон шамамен 25 жыл бұрын болжам жасағанындай, бұл ғасыр «экологияны қайта қалыпқа келтіру дәуірі» болмақ. Бұл сейшелдіктердің де қиялын жаулады. Елдің биологиялық байлығы туралы толық түсінік саналарға жете бастағандықтан, оны қорғауға деген құлшыныс та артуда. Мектептерде жабайы табиғатты қорғау үйірмелері көптеп ашылуда. Үйірмелердің үйлестірушісі Тэренс Велдің айтуынша «жас буын бұл іске етене араласуда». «Біз бұл жолдауды олардың санасына жеткізу үшін мектептермен 20 жыл бойы жұмыс істеп келе жатырмыз. Экожүйеміздің нәзік екенін және келер ұрпаққа сақтап қалу үшін оны аялауымыз керек екендігін көрсету үшін біз оларды су астында түтікшемен жүзуге және экскурсияларға бірге ертіп барамыз».

Кейбір ересек сейшелдіктер де біраздан бері қайта қалпына келтіру жолына түсті. Маэның гранит тақталарында көлемді өрімдерін (дредаларын) жинап алу үшін басына футболка тағып алған растафарияндық саябақ орманшысы Теренс Валентин маған былай деді: «Мен 19 жылдан бері табиғатпен біргемін, бауырым. Иә, достым, мен Жер Анаға байланғанмын».

Альдабрадағы қызметкерлер бұл байланысты теңізде де, жерде де, тіпті өз үйлерінде отырса да күннен күнге сезінеді. Сейшелдегі нектармен қоректенуші құстар өздерінің ұяларын шамдалдарға және душ штангаларына салып, ұяларын безендіру үшін оқтын-оқтын қараусыз жатқан алқаларды ұрлайды. Ғылыми стансының маңайын мекендейтін бір алып тасбақа су ішу үшін баспалдақтарға шығу жолын ойлап тапқан.

Альдабрадағы тасбақалар саны Сейшелдердегі адам дар санынан да көп. Бұл құбыжықтардың біті мін дегі барлық нәрсе байырғы болып көрінеді, тіпті олардың қимылының дыбысы да былғары ертоқым шықырына ұқсайды. Альдабра дронгосы деп аталатын эндемикалық құс түрі сол тасбақалардың арқаларына қонып алып, әлгі алыптардың ебедейсіз жүрісі мазалаған жәндіктерді аңдиды. Түнде мен жартастар арасындағы теңіз демі мен еден тақташаларының астындағы тасбақалардың қорылын естідім. «Бұл жер сіздің өміріңізді өзгертеді. Сіз өмірге басқаша көзбен қарайсыз» – дейді кеме капитаны Джуд Брайс.

Маэның тарихи орталығы, Сейшел Республикасының астанасы – тау бөктеріндегі Викторияда сағатына екі рет соғатын ерекше шіркеу сағаты бар, біріншісі – белгілі бір уақыттың болғанын білдірсе, екіншісі – содан бірнеше минут өткен кезде соғылады. Мен мұны Сейшелдердің метафорасы ретінде қабылдаймын: екінші соққы сайрауықтардың, қара денелі қоңыздардың, аулаушы өсімдіктердің, пальмалардың құтқарылуы туралы хабар беретін екінші мүмкіндікті, яғни қайта қалыпқа келген табиғат мерекесін сипаттайтын секілді.

012

Сейшелдердің жергілікті жануарлары және оларды қорғаумен айналысып жүрген адамдар туралы бейнебаянды ngm.com/more ­дан көріңіз. natgeo.com/parks – тан «National Geographic»­тің саябақтар бастамасы туралы оқыңыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля