Суреттің арғы жағында әсем табиғаттың аясындағы аспанмен астасқан Рейнир тауы, беріде Миртл сарқырамасы бейнеленген. Бір қарағанда фотодағы саяхатшыларды байқамай қалуыңыз да мүмкін. Шыттай киінгендер қолдарына серуен таяқтарын ұстап, Вашингтон штатының Маунт-Рейнир ұлттық саябағындағы «Парадайз» аумағын аралап жүр.
Суреттің нақты қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен ол 1899 жылы саябақ құрылғаннан кейінгі 10 жылға тиесілі болуы мүмкін деп топшыланады. Фото Асаил Кертис пен Уолтер Миллердікі. Кертис Рейнир тауының нағыз жанашыры болған адам еді. Ол тауды фотоға мыңдаған рет түсіріп, жергілікті жерді қорғау ға арналған «Маунтейнерс» альпинизм клубын құруға барынша көмектескен. Оның Вашингтон университетінің мұрағатында сақталған құжаттарында «Күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек тіршіліктің бәрі мынадай мәртебелі таудың қасында түкке тұрғысыз», – деп жазылған. – Ева Конант.