Мұхит суымен шайылып келген органикалық заттардың бойында көміртегі сақталады. Бұл ғалымдарға бұрыннан мәлім. Атмосфераға зиянды көміртек диоксиді ретінде бөлінудің орнына көміртек миллиондаған жылдар бойы су астында жинақталады.
Жаңа зерттеулер мұхиттарға қарағанда Норвегиядағы секілді теңіз шығанақтары (фьордтардың) көміртегін көбірек ұстап тұруға бейім екенін көрсеткен. Бір шаршы шақырым мұздықтарда түзілген су жолдары көміртегін мұхитқа қарағанда 100 есе көп сақтайтыны анықталған. Теңіз шығанақтары таудан келетін өзен суымен толығады. Мұхиттар түбінде жиналатын көміртегі жылына 11 пайызды ғана құрайды екен. Осы тұрғыдан алғанда теңіз шығанақтарының тереңдігі мен иректелген формасы органикалық заттарды белсенді тасымалдауға және жинақтауға өте тиімді.
Әйтсе де, адамзат оларды көміртек сақтайтын қоқыс орны ретінде қолданбауы тиіс. «Теңіз қолтығына адам қолын тигізбей сақтаған ләзім. Өйткені адам баласы ештеңені де табиғаттың өзінен артық істей алмайды. Сондықтан да қолтықтарға қол салсақ, бәрінің астан-кестенін шығарамыз», – дейді Global Aquatic Research тобының химиялық мұхиттанушысы Ричард У.Смит. – Нина Строчлик