Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдеп берді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3 мыңжылдық), арий, сақ пен ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.
Мәселен, қазақтарда жылқымен байланысты ұлттық ойындар өте көп. Оның ішінде садақ ату, атжарыс, бәйге, қыз қуу, асау үйрету және ат жығу деген ойын түрлері бар. Соңғысы жігітті ептілікке, шапшаңдыққа, әрі батылдыққа жетелейді.
Фото: Ерболат Шадрахов