..."/>
NATIONAL GEOGRAPHIC

Қадірменді дәулер

elephant

«National Geographic»-тің «Фриланд» жануарлар саудасына қарсы тұру тобы және «Сигма» компаниясы М.Феррилге қаржылай демеу көрсетіп, пілдерді зерттеуге мүмкіндік берді. Мына момақан жануарлар бейнесі соның айқын айғағы.

Бирмалықтардың пілге деген құрметі ерекше. Баго тауының баурайында орналасқан шаруалар қыстағында тұратын Ма Льюин атты дүкенші әйелдің айтуынша, бұрындары бұл тау орманға оранып тұрған екен. Пілдер мен адамдар үйлесе тіршілік еткен көрінеді. Бірақ уақыт өте келе адамдар ағаштарды кесіп, орнына каучук көшеттерін отырғызды. Сөйтіп, пілдердің мекен ететін жерлері тарыла бастады. Ашыққан алыптар қорек табу үшін шақырымдап жер кезуге мәжбүр болды. Кейде тіпті, қыстақ тұрғындарының бамбук ағашынан жасалған лашықтарын бұзып кетеді екен. Егін алқаптарында жүрген шаруаларға да қауіп төндіреді. Соған қарамастан, адамдар пілдерді қатты жақсы көретіндерін, оларды «боуи доу гуи» деп атайтынын айтады. Бұл сөз «қадірменді дәулер» деген мағына береді.

Мьянма тұрғындары мен пілдері арасындағы байланысты зерттеу үшін ормандарды аралап, қыстақ тұрғындарын сөзге тарттым. Бұл сапар бірнеше айға созылған саяхаттың бастамасы ғана болатын. Бір байқағаным, мұндағы балалар бөрене таситын пілдердің жанында ойнап жүре береді екен. Жұрт киелі санайтын ақ пілдің вице-президентпен сәлемдесу рәсіміне кетіп бара жатқанын көрдім. Бір күні саябақ қызметкерлері маған пілдің төлдеп жатқанын көрсетті. Сөйтіп, кішкентай «алыптың» дүниеге келген сәтіне куә болдым.

Өркениет неғұрлым дамыған сайын көне салт-дәстүр мен қоршаған ортаны қорғауға деген ниет кеміп барады. Соның кесірінен көптеген елдерде пілдердің саны күн санап азая түсті. Десе де, Мьянма халқының пілдерге деген ерекше құрметі мен сүйіспеншілігін көріп, көңілімде үміт пайда болды.

«National Geographic» қоғамының қаржыландыруымен жүргізілген басқа да зерттеу жұмыстары мен жобалар жайлы мәліметті мына мекенжайдан біле аласыз nationalgeographic.com/explorers.

МОЛЛИ ФЕРРИЛ жас зерттеуші.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля