БРАЗИЛИЯ
Кесар тілігі арқылы босану көрсеткіші ең жоғары (55,6%) елдердің бірі 2015 жылы табиғи жолмен босануға үндейтін қоғамдық денсаулық сақтау науқанын бастады.
ФИНЛЯНДИЯ
Дамыған елдер арасындағы ең төменгі көрсеткішке (14,7%) акушер көмегімен клиникалық ережелердің қатаң сақталуы себеп болуы мүмкін.
МЫСЫР
Кесар тілігін жасауды өтінетін әйелдердің саны артып, дәрігерлер медициналық және құқықтық қиындықтардың алдын алуға тырысқандықтан, мұндағы көрсеткіш (51,8%) қарқынды өсіп келеді.
АФРИКА ЕЛДЕРІ
Жүктілік кезеңде күтіну жағдайының жоқтығына байланысты Нигер, Чад және Эфиопиядағы балалардың 1,6% кесар тілігін жасау арқылы дүниеге келеді.
2014 жылы шамамен әлемдегі бес жүкті әйелдің бірі кесар тілігін жасату арқылы босанған. Негізі бұл процедураны әуелде босану кезінде адамның өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу үшін қолданатын еді. Алайда кесар тілігін жасату деңгейі қайсыбір елдерде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ана мен баланың өмірін сақтап қалу үшін бекіткен
10 пайыздық деңгейден айтарлықтай жоғары болып отыр.
Кесар тілігі операциясының көп жасалатыны неліктен? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметкері Ана Пилар Бетранның айтуынша, «отбасы мен дәрігерлер аталмыш процедураға босандыру процесінің қауіпсіз, тез және жеңіл болатындығы үшін жүгінеді» екен. Бір жағынан, Бразилиядағыдай жоғары көрсеткіш босану мерзімін ыңғайлы уақытқа икемдеу тілегінен туындап жатса, төмен көрсеткіштер медициналық көмекке қолжетімді жағдайдың жоқтығынан хабар береді.
«Қазір дәрігерлер мен ай-күнін күтіп отырған аналар табиғи жолмен босанудың артықшылықтарын қайта түсіне бастағандықтан, кесар тілігін жасату көрсеткіші төмендеуі мүмкін», – дейді Бетран. – Дэниель Стоун
МЭТЬЮ ТУОМБЛИ. ДЕРЕККӨЗІ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫ