..."/>
ЗЕРТТЕУ

Батыстың баға жетпес байлығы

01

Батыс Қазақстан облысы Ақтөбе, Атырау облыстарымен қатар Ресейдің бірнеше облысымен шектесіп жатыр. Бұл облыстың түрлі табиғи қазба байлықтарын айтпағанда, жан-жануарлар әлемінің өзі бір төбе. Ал ондағы табиғат-ананың жұмбаққа толы ғажабы адам баласын еріксіз таңғалдырары сөзсіз.

 

 

02

Облыс аумағы 151,3 мың шаршы шақырым болса, тұрғындар саны 700 мыңға жуықтайды. 12 аудан, 155 ауылдық округі бар.

 

03

Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі құмды алқаптар мен сор ойпаң, жазық далалардан тұрады.

 

 

04

Бұл аймақта жалпы саны жүз қырықтан астам көл бар. Өзен-көлдерінен сазан, көксерке, аққайраң, табан, жайын, шортан мен қызыл балықты кездестіруге болады.

 

05

Ал облыс аумағындағы орман-тоғайларда бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңтүстігіндегі құмдауыт жерлерінде ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз, кеміргіштерден сарышұнақ пен құм тышқаны мекендейді.

 

06

Ал құс түрлеріне келcек, бұл жерден аққу, қоңырқаз, сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, қараторғай мен шымшықтардың сан түрін кездестіруге болады.

 

 

 

 

07

08

09

10

0011

12

Фото: Михаил Шпигельман

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля