..."/>
ЗЕРТТЕУ

“Бетімен кеткен” қорқақтар

14608686_10154510711525930_2592532706787675283_o

Crocuta crocuta немесе гиена – Африкада өмір сүретін бурыл, жолақ және теңбіл қорқау қасқырлардың ортақ атауы. Тері қабаты мен шығарған дауысына байланысты оларды «күлегеш қорқау», «теңбіл шибөрі» деп те атайды.

crocuta-crocuta_4

Аты затына сай келетін бұл сүтқоректі “бетімен кеткен” қорқақ жыртқыш. Қарсыласының күшті екенін біле тұра олар тәуекелге барып, орайы келсе аң патшасына да шабады. Қорек іздеген гиена үйірінің жападан-жалғыз дала кезіп, қартайған арыстанды талап, мысықтектестің түгін қалдырмай жеп қойған кездер де көптеп кездеседі.

new-2

Әдетте олар қорегін түнгі уақытта аулайды. Гиена асқазаны тамақ талдамайды. Сүйек, қыл барлығын қорытады. Ең сорақысы қорқаулар жемтігін тірі кезінде паршалай бастап, жей береді.

hyena-pack

Қорқаудың басы үлкен, мойны жуан, құлақтары жалпақ, терісі қалың болады. Денесінің ұзындығы – 1,3 м, биіктігі – 60 – 80 см, салмағы – 50 – 90 келі. Жасы ұлғая келе жүнінің түсі оңып, дауысы жуандай бастайды. Олардың жақ сүйегі сүтқоректілер арасында ең күшті болып келеді. Жақтарының қысымы 1 шаршы сантиметрге 70 келіні құрайды. Бұл арыстан, жолбарыс, аю көрсеткіштерінен де асып түседі. Қасқырдың бұл түрі саванналар мен жайылымдарда, шөлейттерде, биіктігі төрт мың метрге дейінгі тауларда тіршілік етеді.

hyena6

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля