Кейде табиғатының әсемдігін сөзбен айтып та, жазып та жеткізу оңайға түспейтін жерлер болады. Ондай жерлердің көркі қыста да, жазда да адам қолымен безендіріп қойғандай көрінетіні бар. Міне, сондай орындардың бірі Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы – Жасыбай көлі. Бұл көлдің қысқы көрінісін «National Geographic Қазақстан» журналының фототілшісі сол аймаққа арнайы барып, суретке түсіріп қайтқан еді.
Көл Баянауыл ауылынан 15 шақырым қашықтықта, теңіз деңгейінен 397 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы 3,5, ал ені 2,4 шақырым қашықтықты құрайтын көлдің ең терең жері 15 метрге дейін жетеді.
Көл тектоникалық қозғалыстың әсерінен пайда болған. Жағалауы биік жартасты, солтүстік-батыс бөлігі жайпақ келген. Түбі тегіс, лайлы. Суы тұщы, мөлдірлігі 0,5-3 м, көкшіл сұр түсті. Жағалауында демалыс үйлері, Баянтау туристік базасы, оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Көл суы тері ауруларына ем.
Фото: Ерболат Шадрахов