Жергілікті тұрғындар «Қоқыс мырза» атап кеткен Балтимор ішкі айлағының жаңа жұлдызы – қоқыс тазалағыштың әлеуметтік желідегі табынушылары да аз емес. Өз өнертабысын әуелде қол сүртетін қағазға түсірген бұрынғы мұражай директоры Джон Келлет: «Ол ғарыш кемесі мен жабық күйменің қосындысына ұқсайды» – дейді.
Қоғамдық һәм жеке қорлардың 720 000 доллар қаражатына құрастырылған аталмыш құрылғы былтыр болған ерекше қатты дауылдан кейін, 48 сағаттың ішінде 12 контейнерге қоқыс толтырып үлгерген. Алғаш іске қосылған 2014 жылдан бері ол жалпы көлемі 321 тонна қоқыс жинаған. Жинаған қалдықтарының толық есебін жүргізіп отыратын, Балтимор Жағалау серіктестігі иелігіндегі қоқыс жинағыш өткен жылдың желтоқсан айындағы есеп бойынша 176 589 чипсы орамалары мен жеті миллионға жуық темекі тұқылын «жұтқан».
Келлеттің айтуынша, біраз мемлекеттер қазір осындай доңғалақ жасауға көмек сұрап отыр. Олардың қатарында қоқысқа толы Ганга өзені бар Үндістан мен атышулы Гуанабара бұғазы орналасқан, биыл РиодеЖанейрода Олимпиада ойындарын өткізетін Бразилия да бар. –Ив Конант

Джонс Фоллз өзенінің су алабы – 93 шаршы шақырым. Балтимор айлағына жиналатын қоқыстың дені осы өзеннің ағысы арқылы келеді.
ДЖЕЙСОН ТРИТ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ, NGM КАРТАЛАРЫ, СУРЕТ: БРЮС МОРСЕР ДЕРЕККӨЗДЕР: ДЖОН КЕЛЛЕТ, CLEARWATER MILLS; БАЛТИМОР ЖАҒАЛАУ СЕРІКТЕСТІГІ