..."/>
ЗЕРТТЕУ

Уайымдама, бұйра бас!

mz3114_160315_0037

Толқынды, бұйра шашыңыз сізді әуреге салса, уайымдамаңыз. Қиналып жүрген жалғыз сіз ғана емессіз. Тіпті, физиктер мен инженерлер де бұйра шаштың қалай қалыптасатынын біле алмай аң-таң. Әйтсе де олар компьютерлік және зертханалық жұмыстың көмегімен бұйра әрі иілгіш заттың қасиетін зерттеуде.

Шаш ұшының имек болуына гравитация, текстура және шаш өсетін фолликул қабығы арасындағы өзара әрекет әсер етеді. Ассиметриялық фолликул қабығынан бұйра шаш, симметриялық фолликул қабығынан тік шаш өсіп шығады. Америка физиктер қауымдастығы жариялаған зерттеуде «бұйра шаш неғұрлым ұзын боп өссе, оның құрылымы да соғұрлым күрделі болады» делінген. Тік шаш әдетте бір бағытта, ал бұйра шаш шиыршық секілді өседі. Мұндай ерекше құрылым бұйра шашты сәндегенде оның ыстыққа төтеп бере алмауына әкеп соғуы мүмкін. Пердью университетінің ғалымдары тік шаш ыстықты жақсырақ өткізетіндіктен онша күйе бермейтінін айтуда. Мақсат – шаштың саулығын арттыруға қандай температура қолайлы болатынын анықтау. — Николь Вашингтон

ФОТО: РЕБЕККА ХЕЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля