Қазақта «аузымен құс тістеген» деген теңеу бар. Бұл теңеу көп жағдайда шашасына шаң жұқтырмайтын жүйрік ат, епті шабандоз бен желаяққа арнап айтылған. Ал шабандоздар ішіндегі дүлдүлі бәйгеге шапқанда ғана анықталады.
Бәйге – қазақтың ұлттық ойыны, өзге елден ерекшелеп тұратын ат жарысы. Бұл ойын қазақтың алқалы жиындарында, тойлар мен астарда өткізіледі. Ол сайыста шабандоздар белгілі бір межеге алғашқылардың бірі болып жету үшін бар өнерін салады. Бәйге көп жағдайда тегіс жерде өткізіледі.
Аламан бәйгеде шабандоздар шеберлігі мен сәйгүліктің төзімділігі сынға түседі. Ұлттық ойынның бұл түрі ең алдымен ұзақ қашықтыққа шабатын, шыдамды, әрі төзімді тұлпарлардың тұқымын асылдандыруға мүмкіндік береді.
Ереже бойынша қатарласа шауып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге, үркітуге, айқалауға, ысқыруға және жарыс жолынан шығып кетуге болмайды.
Бірінші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі.
Фото: Ерболат Шадрахов