Қазақстан территориясының үштен екісін шөл және шөлейтті аймақтар құрайды. Өкініштісі, бетіне соры шыққан, құмдауыт жерлер көлемі жыл өткен сайын ұлғаюда. Оның басты себебі табиғи факторлардан орын алса (ғаламдық жылыну), ал екінші жағынан адам қолымен құнарлы жер көлемі кемуде. Шөл дала өзіндік сұлулыққа ие десек те оның арты үлкен экологиялық апаттарға апарып соқтыруы мүмкін. Мына фотосуреттер Қазақстанның әр түкпіріндегі құмдауыт аймақтарында түсірілген.
Шөл – суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері селдір, сирек болып келеді. Шөл – құмды, сортаңды, сазды, тақыр және тастақты болып бөлінеді.
Ондай жерлер – адамның жауапсыздығынан да пайда болады. Ол – шөбін мал отап, таптап, әбден тақырлап тастаған, бұталары тамырымен қопарылып, сындырылып жойылған тақырлар. Мамандардың айтуынша, мұндай жерлерді қалпына келтіруге болады. Ол үшін ғылыми тұрғыда қыруар жұмыс істелуі керек.
Фото: Ерболат Шадрахов