..."/>
ЗЕРТТЕУ

Шың басындағы альпинист құттықтауы

Тәуелсіздік күні Антрактиданың ең биік шыңы – Винсон шыңына (4892 м) қазақ елінің көк туын тіккен альпинист Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбековтың дауысы жазылынып алынған аудиотаспа жарияланды.

«Қазақстандық ұлттық география қоғамының» (QazaqGeography) қолдауымен ұйымдастырылған полярлық экспедицияға қатысушылар сол тарихи сәтте барша қазақстандықтарды Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Естеріңізге сала кетсек, экспедиция екі кезеңге бөлінген. Бүгінгі таңда бірінші кезең өз мәресіне жетті – бұл Винсон шыңына шығып, тулардың орнатылуы. Винсон шыңы өзінің географиялық орналасуына байланысты «7 summits» альпинистік бағдарламасының күрделі биіктіктерінің бірі болып саналады. Биыл Винсонның бағындырылуына 50 жыл толды.

Екінші кезең бірнеше күннен кейін басталады. Атлеттер Мағжан Сағымбаев, Ілияс Ғалымбеков, Юрий Юшин мен команда дәрігері міндетін атқарушы Дәулет Шәріпов Оңтүстік полюске қарай шаңғы экспедициясын жасайды. Спортшыларға 217 шақырымдық жедел маршты жүріп өтуге тура келеді.

Қазақстандық алпинистер Винсон шыңына шығу үшін жарты жыл бойы дайындалған.

«Тәуелсіздік полюсі» деп ат қойылып, айдар тағылған экспедиция мүшелерінің аудиотаспаға жазылған құттықтау сөзін ұсынамыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля