..."/>
ЗЕРТТЕУ

1550 жылғы әлем

c00372-07a

Француз адмиралы Клод д’Аннебо саяси мансабына қауіп төнгенін білді. I Фрэнсис патшаның кеңесшісі Клод таққа II Генри отырғаннан кейін ешкімге керексіз болып қалғандай еді. Не істеу керек? Ақыры, ол патшаның көзіне түсу үшін ерекше сыйлық – дүние жүзінің үлкен картасын тарту етуге бел байлады.

Клод д’Аннебо жоспарын жүзеге асыру үшін ең мықты картограф Пьер Десельені жалдайды. Деселье бір топ суретшімен бірлесіп, суреттермен безендірілген, түсіндірме жазбалары бар карта жасап шығарды. Ол шынайы әрі қиялдан туған географиялық ерекшеліктерге толы еді. Тарихшы картограф Чет Ван Дюзер «Бұл қайта өрлеу дәуірінен бізге жеткен карталардың ішіндегі ең әдемісі», – дейді. Көлемі де үлкен: 1,5 – 2 метрге жетеді. Яғни, пергаменттің бірнеше бөлігі сыйып кетеді. Ван Дюзер «Патшаға сыйланған әлем» атты кітабында алғаш рет картаның түпнұсқасын сақтай отырып, 42 бөлімнен тұратын өңделген нұсқасын жариялады. Ван Дюзер картадағы сипаттамалардың көбісі екі кітаптан алынғанын анықтады. Бірі – Клавдий Птоломейдің 1522 жылы шыққан «Жағрафия» атты кітабы, екіншісі – Марко Поло мен Христофор Колумбтың тарихи жазбалар жинағы. “Ерекше сыйлықтың патша көңілінен шыққаншықпағаны белгісіз. Десе де, оған ұнаған болар деген үміт басым. Клод д’Аннебо 1552 жылы қайтыс болды. Ол көзі тірісінде игі іс атқарып, үлкен мұра қалдырып кетті» . – A. Р. Уильямс

ФОТО: БРИТАН КІТАПХАНАСЫ, ADD. 24065

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля