Джеймс Брэдли Одақ әскеріне щетка сату арқылы мол табысқа кенелді. Алайда ол өмірдегі өз жолын Джерси-Шор жағалауынан тапты. Методист шіркеуінің ішімдікке жаны қас мүшесі 1871 жылы 200 гектар шалшықты және құмдақ жер сатып алып, «Asbury Park» деп аталатын қалашықтың іргесін қалады және мұнда қатаң моральдық талаптар қойды. Шарапқа тыйым салынды. Инабаттылық және отбасылық құндылықтар бәрінен жоғары тұрды.
Брэдли теңіз жағалауын жұмысқа берілген, білім қуған немесе байығысы келген адамдар үшін емге дауа, жанға шипа беретін жер деп есептеді.
1929 жылдың жазында Брэдлидің өлімінен кейін арада сегіз жыл өтсе де, мына демалушылар оның ақыл-кеңесін ұмытпағандай. Алайда қазан айында қор нарығы құлап, «Ұлы күйзеліс» жылдары басталды. Байлық пен мансап қуып жүйкесі шаршаған адамдарға бұл жағажайдың күншуағында демалу арманға айналды. – Ив Конант
ФОТО: КЛИФТОН АДАМС, NATIONAL GEOGRAPHIC КРЕАТИВТІК ТОБЫ