..."/>
ЗЕРТТЕУ

Ежелгі Грекия әлемі

Ежелгі гректер құдайлар көк пен жер астындағы өмірдің қай-қайсысында да маңызды рөл атқарады деп сенген. Уақыт өте келе бақи дүниеге мистикалық көзқараспен қарау қалыптасты.

Прожектор жарығына малынған теңіз құдайы – Посейдонның храмы. Сунион мүйісі, Грекия. ВИНСЕНТ ДЖЕЙ. МУСИ, СУНИОН АРХЕОЛОГИЯ АУМАҒЫ

Прожектор жарығына малынған теңіз құдайы – Посейдонның храмы. Сунион мүйісі, Грекия. ВИНСЕНТ ДЖЕЙ. МУСИ, СУНИОН АРХЕОЛОГИЯ АУМАҒЫ

Авторы: Керолайн Александр

Фото: Винсент Дж. Муси, Дэвид Ковентри

Ежелгі Грекия әлемі

Бұд ел – Зевс, Гера, Апполон, Посейдон, Афина сынды құдайлар мен түрлі мифология кейіпкерлеріне толы. Онда Олимптің аталмыш тұрғындарымен қатар, құдірет иелері мен қаһармандарға негізделген жүздеген культтер болды.

Адамдар ол құдайларға бүгінгі біздер сияқты белгілі бір себептермен құлшылық етті. Яғни, деніне саулық, басына амандық, ісіне береке сұрап, жақсы өнім тілеп, теңізге шыққанда жанымызды сақтай гөр деп жалбарынды. Көбінесе топтанып құлшылық жасайтын олар сый-сияпат пен құрбандық шалу арқылы құдірет иелерінің ризалығын аламыз деп сенді.

Адам өлгесін не болады? Бұл сұрақтың жауабын ежелгі адамдар Зевс пен Посейдонның бауыры, жер асты патшалығының құдайы – Аидтан іздеді. Алайда Аид көңілге медеу бола алмады. Гомердің айтуынша, ортасын қорқынышты Стикс өзені бөліп жатқан қара түнек Аид патшалығы – жұмыр басты пенделер ғана емес, көз жұмғаннан кейін батырлар да баратын қорқыныш мекені.

Cайып келгенде, адамның о дүниедегі жағдайына деген қызығушылық гректерде діннің жаңа түрлері мен жаңа культтерді қабылдауына түрткі болды. Енді олар бақи дүниеге үреймен емес, өзіндік таныммен қарай бастады. Құпияға толы тылсым культтер бақи дүниеде адамға серік болады деп сенді. Жұмбақ діни жоралғылар әспеттеліп әсерлі сахналанатын. Грекияның Самотраки аралында діншілдерге алаудың жарығымен жол сілтейтін құдіреті күшті құдайларды ұлықтау рәсімі негізінен түнде өткізілді. Оны орындамаған адам ажал құшады деп саналатын аталмыш рәсімдердің жұмбағы күні бүгінге дейін ашылған емес.

Б.д.д. төртінші ғасырда адамзат баласын күнәдан арылтамыз деп уәде беретін азаматтық діни қоғамдар пайда болды. Жаңа діннің негізі қалана бастағаны анық-тын. Монотеизм мен ескі наным-сенім қалдықтары христиан діні келгенде ежелгі әлеммен бірге сахнадан түсті. Ал олардың арасында адам болмысын бұзған тылсым рәсімдер де, құдіретті күш үкімін күткен түрлі тағдырлар мен Қасиетті Кітаптарға деген құрмет те бар еді.

Ежелгі Грекияға саяхатыңызды National Geographic-тің жаңа The Greeks (Гректер) атты кітабымен жалғастырыңыз. Грек мәдениетінің 5000 жылдығына арналған көрме маусым айының 1-де Вашингтон қаласындағы National Geographic мұражайында ашылады. Толық мәлімет: ngm.com/Jul2016.

ancientgreece_map_v3_fp-kaz

Діни сенім атласы

Грекиядағы дін тамыры мыңдаған жылдар бұрынғы тарих қойнауынан бастау алады. Діни орындар белгілі бір ғибадаттар мен жергілікті құдайларға ғана емес, әртүрлі мерекелерге, сәуегейлерге, діндарлық пен рәсімдерден тұратын халық дәстүріне де арнап салынатын. Мысалы, Самотракидегі жұмбақ культтің салт-жоралғысы біздің дәуірімізге дейінгі алтыншы ғасырдан басталып, христиан діні етек жая бастаған кезге дейін жалғасып келді. Қасиетті орындар, сондай-ақ Олимп сынды құдайлардың аңыз мекені болғандығын еске салады.

ancientgreece_timeline_v2_fp-kaz

ЖЕРОМ Н.КУКСАН, NG ҚЫЗМЕТКЕРІ. ДЕРЕККӨЗДЕР: САНДРА БЛЕЙКЛИ, ЭМОРИ УНИВЕРСИТЕТІ; РИЧАРД ТАЛБЕРТ, ЧАПЕЛ-ХИЛЛДАҒЫ СОЛТҮСТІК КАРОЛИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Құдайлардың көңіл-күйі

Гомердің суреттеуі бойынша, Олимптен басқаратын құдайлар мен әйел-құдайлар адам баласының ынтықтық, ашу-ыза, қызғаншақтық және арсыздық сынды қасиеттерін басқара алатын болған. Олар, тіпті, адам баласында жоқ қасиет – ажалсыз еді.

Олимпте бірнеше шың бар. Ежелгі гректер күн күркіреген кездегі бейнесі көрсетілген Митикастың мына бір жақпар құзында ауа райы құдайы, «жайатқыш» Зевс сынды ұлы құдайлар өмір сүрді деп сенген. ВИНСЕНТ ДЖ.МУСИ

Олимпте бірнеше шың бар. Ежелгі гректер күн күркіреген кездегі бейнесі көрсетілген Митикастың мына бір жақпар құзында ауа райы құдайы, «жайатқыш» Зевс сынды ұлы құдайлар өмір сүрді деп сенген.
ВИНСЕНТ ДЖ.МУСИ

«Гомер гимні» деген атпен белгілі 33 ода құдайлардың құдірет-күшін мадақтайды. Мәселен, Афина «cоғыс әрекеттері мен шаһарларды тонауды, жалпы ұрыс-керіс атаулыны жақсы көретін» қатыгез болған.

Мына жерде шарап, театр және музыка құдайы Дионис мас күйінде сатирге сүйеніп тұр. Рим дәуірінде ұлықталған бұл кейіпкер әдетте жынойнақ пен ішімдік ішу жарыстарымен байланыстырылады.

Мына жерде шарап, театр және музыка құдайы Дионис мас күйінде сатирге сүйеніп тұр. Рим дәуірінде ұлықталған бұл кейіпкер әдетте жынойнақ пен ішімдік ішу жарыстарымен байланыстырылады. ДЭВИД КОВЕНТРИ, ҰЛТТЫҚ АРХЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ, АФИНА

АФИНА АКРОПОЛІ, ДЕЛФИ, ДОДОНА, СУНИОН МЕН БАРЛЫҚ ЖƏДІГЕРЛЕРДІҢ СУРЕТТЕРІ ГРЕКИЯНЫҢ МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РҰҚСАТЫМЕН ТҮСІРІЛДІ

Б.д.д. IV ғ. жасалған мына қола мүсінде Зевстің қызы, әйел-құдай Афина бейнеленген. Оның айрықша тігілген соғыс киімінің кеуде тұсынан құбыжық Медузаның басын көруге болады.

Б.д.д. IV ғ. жасалған мына қола мүсінде Зевстің қызы, әйел-құдай Афина бейнеленген. Оның айрықша тігілген соғыс киімінің кеуде тұсынан құбыжық Медузаның басын көруге болады. ДЭВИД КОВЕНТРИ, ПИРЕЙ АРХЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ

Көктен түскен белгілер

Ақыл-кеңес іздеген гректер сәуегейлерге құдаймен тікелей байланыс жасайтын көз ретінде қараған. Олардың сұрақтарына берілген құдайдың жауабы тылсым түнек, құс, я болмаса найзағай, тіпті жапырақтардың сыбдыры сияқты түрлі жолдармен жетіп отырған.

Грекияның ойлы­қырлы солтүстік­батысында орналасқан Додонадағы оракул ең алғашқы сәуегей саналады. Бұл жерде адамдар өз сұрақтарын Зевске қасиетті емен ағашы арқылы жеткізіп, оның жауабын дін қызметкерлері «аударып» беретін болған. ВИНСЕНТ ДЖ.МУСИ, ДОДОНА АРХЕОЛОГИЯ АУМАҒЫ

Батып бара жатқан күннің жалқынына боялған Делфидегі Афина Проная храмы мен дөңгеленген ғимарат – толос. Діндарлар жақын маңдағы Аполлон храмындағы Делфи сәуегейінен ақыл­кеңес сұрардан бұрын, осы жерде құрбандық шалатын.

Афина акрополіндегі қасиетті жердің көп бөлігін Эрехтейон храмы алып жатыр. Ежелгі гректер мерекелер өткізіп, ойын ұйымдастыратын, құрбандық шалып, діни ғұрыптар атқаратын мекен бұл күнде саяхатшылардан арылмайды. ВИНСЕНТ ДЖ.МУСИ, АКРОПОЛЬ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ АУМАҒЫ, АФИНА

Бірге құлшылық ету

Ежелгі грек ауылдары мен аймақтарын ортақ діни жоралғылар біріктірді. Құдайға құлшылық ету әуелде көпшілікпен бірге жасалды. Бірақ өмірден мән іздеп, бақи дүниеде пейіште болғысы келгендер Құдайға жеке-дара жалбарына бастады.

Құрбандық шалу үдерісін көрсететін мына суретте музыкант, сойылатын қой мен қолына алтарь аспабын ұстаған әйел бейнеленген. Әйелдердің қандай да бір рөлі сақталған санаулы әлеуметтік шаралардың бірі – діни рәсімдер­тін. ДЭВИД КОВЕНТРИ, ҰЛТТЫҚ АРХЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ, АФИНА

Қасиетті жол

Гректер жеке өмірлерінен мән және бақи дүниеден қорғаныш іздеген сәтте құпия культтерге жүгінетін. Самотраки аралындағы ғибадатханада діндарлар түрлі секталарға мағынасы бүгінге дейін белгісіз рәсім кезінде қабылданатын.

ancientgreece_samothrace_v6_final_fp

Өлілер құдіреті

Өлілер о дүниеде жатып та жақсылық, я жамандық әкеледі деп сенген гректер құрмет көрсету арқылы ата-бабаларының ризалығын алуға талпынған. Олардың көпшілігі өлгеннен кейінгі тағдырым дінге деген дұрыс ниетіме тікелей байланысты деп ойлаған.

Мәрмәрдан қашалған мына бедер марқұмды еске сақтау мақсатында жасалған. Онда жас ананың баласы шешесіне қолын созып тұр (жоғарыдағы сурет). Ежелгі гректердің нанымы бойынша, өлген адамдар үш түрлі соттан өтетін болған. Соның бірі – мына бір македониялық қабірдің бетіне салынған Радамантус (оң жақта). ДЭВИД КОВЕНТРИ, ҰЛТТЫҚ АРХЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ, АФИНА (ЖОҒАРЫДА); ВИНСЕНТ ДЖ.МУСИ, МИЕЗА ҚАБІРІ (ОҢ ЖАҚТА)

mm8240a_150908_03771

Қайсысы жақсы: пәни ме, бақи ма? Гомердің «Одиссейінде ажал құшқан қаһарман Ахиллес» бұл сұраққа: «Мен жансыз өлілерді басқарғанша, түгі жоқ тақыр кедейге қызмет етуді таңдар едім», – деп жауап береді.

Ежелгі гректер: «салшы Харон өлгендердің жанын «қасірет өзені» – Ахерон арқылы Аидқа жеткізеді», – деп сенген. Бүгінде жақындағы шарапхана жарығы арқылы түрлі­түсті бояуға малынған аталмыш өзен саяхатшылар мен рафтерлердің сүйікті орнына айналған. ВИНСЕНТ ДЖ.МУСИ

Авторизация
*
*

Регистрация
*
*
*
Генерация пароля