..."/>
ЗЕРТТЕУ

Тиін тірлік

foto-sarsenbek-kyzaybekuly

Тиін – қолға тез үйретілетін омыртқалы жануардың бірі. Тиіннің есте сақтау қабілеті, шапшаңдығы, ептілігі мен сұлулығы оны көптеген жан-жануардан ерекшелеп тұрады..

Тиіндар Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Американың ормандарын 40-тан астам түрі мекендесе, Қазақстанның Шығыс, Орталық және Солтүстік аймақтарында, сондай-ақ Іле Алатауының қарағайлы ормандарында бір ғана түрі бар. Оның тұрқы 16-28 см, салмағы 450-600 гр. дейін жетеді. Түсі ақшыл сұр не жирен болса, жүні қалың, әрі үлпілдек, ал құйрығының ұзындығы 23 см-ге дейін жетеді. Құлағында шашағы болады. Ұясын ағаш басына, кейде жартастарға салады. Кеміргіштер тобына жататын тиіннің бұл түрі – тұрғылықты аң, бірақ қорегі тапшы болған кейбір жылдары жаппай қоныс аударуы да мүмкін. 2 жасында жыныстық жағынан жетіліп, ақпан-наурыз айларында ұйығады. Жылына 2 рет (әр жолы 3-10) балалайды.

Мына суреттегі тиінді «National Geographic Қазақстан» журналының фототілшісі Алматы қаласындағы саябақтардың бірінде түсіріп алған.

Фото: Сәрсенбек Қызайбекұлы

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля