Қазақстандағы көрікті жерлердің бірі – Бозжыра. Ол Үстірттегі Бекет ата мешітіне барар жолда жатыр.
Маңғыстау облысы аумағында орналасқан ерекше таудың бейнесін 1000 теңгелік ұлттық валютамыздан да көруге болады. Жыраны бірнеше миллион жыл бұрын тау түзілімдерінің бұзылуынан пайда болған деседі.
Бозжыраның басты ерекшелігі – ол биіктігі 200 метрге дейін жететін әктас шыңдардан құралған.
Ғылым тілінде шатқал деп терең, түбі тар, құлама немесе тік, кейде ойыс беткейлі және көпшілік бөлігі жартасты болып келетін аңғарды айтады. Шатқал көбінесе таулы аймақтарда кездессе, оның терең тұсы 1800 метрге дейін жетеді.
Сондықтан біз оны өзіміз айтып жүрген Бозжыра шатқалы деп емес, Бозжыра шоқысы деуге де келетіндей. Сіз қалай ойлайсыз?
Не десек те қазақ жерінің таңғажайыбы қараған жанды таңғалдырмай қоймайды. Ал оған өз аяғыңмен барып, көзіңмен көргенге не жетсін?!
Фото: Ерболат Шадрахов