Туристер Гренландия аймағының 80%-ын құрсап жатқан мұзды қалқанның сұрықсыз көрінісіне тап болады. Бұл жер бұрынғыдай көз қарықтыратын аппақ емес еді. Өйткені мұз бетін атмосфералық күйе мен шаң басқан. Сондай-ақ мұздың астыңғы қабаты да күрт еру үстінде. Жақын келешекте бұл үдеріс шапшаңдай түсуі әбден мүмкін. Неге дейсіз бе? 1981-2012 жылдар аралығындағы спутник арқылы алынған мәліметтерге сәйкес, 1996 жылдан бастап Гренландияда ауа температурасы күрт көтерілген. Содан бастап мұздықтар күн радиациясын көбірек сіңіре бастады. Бұл жайт жазғы маусымда мұздықтардың еруін үдете түсті.
Еруге жартылай ластану да себеп. Төменде көрсетілгендей, ластанған мұздықтар күн сәулесін көбірек сіңіреді әрі шағылыстырмайды. Соның салдарынан мұздықтардың жойылуы жылдамдайды. Ал оның орнын кір толтырады. Сөйтіп, мұз беті одан сайын қарайып, бұрынғыдан бетер тезірек ери бастайды. «Мен бұны «каннибал мұздықтар» деп атаймын», – дейді зерттеуші Марко Тедеско. – Олар өздерінен еріген сумен өздері қоректенеді». Осынау ластанған аймақты зерттеп, түсіну сарапшыларға Гренландияның теңіз деңгейінің көтерілуіне қаншалықты себеп болғанын бағалауға мүмкіндік береді. – A. Р. Уильямс
Арктикалық аймақтарға шағылысқан күн сәулесі
ФОТО: ОЛАФ ОТТО БЕККЕР
ГРАФИКА: ДЖЕЙСОН ТРИТ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ. ДЕРЕК КӨЗДЕРІ: МАРКО ТЕДЕСКО, КОЛУМБИЯ УНИВЕРСИТЕТІ