Ларсен деген атауға ие құрлықтық алып мұзтауының жалпы аумағы ертеректе Ямайкаға пара пар болса, ал қазір оның «Ларсен С» деп аталатын үштен бір бөлігі ғана қалған.
Ғалымдардың пікірінше, әлгі мұзтау Антрактидадан бөлініп шыққан сәттен бастап мұхит айдынына шыққан ең алып айсберг ретінде тарихқа енетін болады. Жалпы аумағы бес мың шаршы шақырымға жуықтайтын «Ларсен С» алдағы бірнеше аптада немесе бір ай ішінде мұзды материктен толықтай бөлініп шықпақ.
Ларсен мұзтауынан бұған дейін «Ларсен А» (1995 жылы) және «Ларсен В» (2002 жылы) мұздақтары кезек кезегімен бөлініп шығып отырған. «Табиғаттың осыншалық жылдам өзгеріске ұшырауына ғаламдық жылыну айтарлықтай әсер етуде», – дейді ғалымдар.
Фото: Pexels-photo