..."/>
ЗЕРТТЕУ

Бабамның балбал тасы

01

Ежелгі түркілер тасты «мәңгі» деп санағандықтан тастан ескерткіш орнататын болған. Бұл үрдіс әсіресе VI-IX ғасырларда жиі байқалған.

02

Түркологтардың пікірінше, балбалтастардан құралған ғұрыптық кешендер негізінен шығысқа қаратылып, яки күннің шығар бағытына қарай, арасы біркелкі қашықтықта тізбектеп, тігінен орнатылатын болған. Аталмыш ғұрыптық кешенді салуға, қоюға атсалысқандардың әрқайсысы көне түркі бітік жазуымен өз ру-тайпасының таңбаларын немесе сондай-ақ өмірден өткен ұлы тұлғалардың есімдерін тасқа қашап жазған екен. «Бұл ежелгі түркілердегі – жоқтау рәсімінің маңызды элементтерінің бірі болған», – дейді ғалымдар.

03

Балбал сөзі бал+бал, яғни соғу, қағу және үру дегенді білдіретін қос сөзден тұрады. Бірақ бірыңғай мағынаны білдіретін ұғым.

04

Қазақ даласындағы мұндай кешенді тастарды әсіресе Орталық Қазақстан мен Жетісу жерінде жиі кездестіруге болады.

05

Ал мына фотосуреттегі балбалтастар еліміздің әр өңірінен табылған ескерткіштердің көшірмесі болып табылады.

06

07

08

09

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля