Жарты ғасыр бұрын Тынық мұхитында жасалған атом бомбасы сынағының салдары қоршаған ортаға түрлі әсер беріп келеді. Мәселен, сынақтан қалған радиоактивті материалдар жойылып бара жатқан бисса теңіз тасбақаларының тіршілігін зерттеуге оң септігін тигізуде. Айта кетерлігі, өрнек сауыттарымен ерекшеленетін бисса тасбақаларының саны күрт азайып кеткен еді. Гавайдағы маржан рифтерінде олардың жүз шақтысы ғана қалған. Теңіз экологы Кайл Ван Хутан мәселенің шешімі ядролық сынақ қалдықтары мен оларды бойына сіңірген маржанда екенін алға тартады. Ағаштың жасын білдіретін жылдық сақиналары қалай көбейсе, маржан рифтерінің де қабаты жыл сайын сол секілді жаңарып отырады. Яғни бұл бір жағынан күнтізбе қызметін де атқарады. Ван Хутан рифтегі радиокөміртек мөлшерін өлшеп, сақиналармен салыстыру арқылы тасбақаның қай жылы дүниеге келгенін, өсу қарқынын және жыныстық жетілу кезеңін анықтады.

СУРЕТТЕР: ДЖОУЭЛ САРТОР, NATIONAL GEOGRAPHIC PHOTO ARK, АУСТРАЛИЯ ЗООБАҒЫНДАҒЫ 18 NATIONAL GEOGRAPHIC • ҚЫРКҮЙЕК 2016 ВЕТЕРИНАРЛЫҚ КЛИНИКА (ЖОҒАРЫДА); BETTMANN/GETTY IMAGES
Оның зерттеуіне сәйкес, гавайлық жабайы бисса тасбақалары орта жасқа келгенде, яғни 29 жасында ұрпақ өрбіте бастайды. Демек, олардың ұрықтануы карибтік популяциядан екі есе кеш басталады деген сөз. Бұдан бөлек, Ван Хутан жемтіктің азаюы салдарынан тасбақалардың шөпқоректіге айналғанын айтады. Ал бұның соңы жақсылыққа соқтырмасы да анық. «Теңіз тасбақалары экожүйе саулығының көрсеткіші», – дейді ол. – Нина Строчлик