Көрерменмен қауышқанына осы айда 50 жыл толғанына қарамастан, «Star Trek» яғни «Жұлдызды саяхат» киносы ғылыми фантастика елестетіп көрмеген белестерді бағындырды. 13 фильм, алты телесерия, үлкен көлемде шыққан кітап, ойын мен спин-оффтары миллиондаған жанкүйер жинап, адамзатты жаңа технологияларға шабыттандырды. Сондай-ақ ол поп мәдениеттің жарқын мысалына айналды.
Жетістіктің сыры неде? «Шынайы ғылымға негізделген сюжетте» , – дейді астрономия мен болжау технологиясы атты жаңа кітап сериясының авторы Эндрю Фазекас. Оның айтуынша, «Star Trek» ғылыммен тоғысып қана қоймай, адамның ғаламды тануға деген туа бітті қасиетін оята білді.
Берклидегі Калифорния университетінің планета зерттеушісі, 2009 жылы түсірілген фильмнің кеңесшісі Каролин Порко – бұл франшизаның алғашқы жанкүйерлерінің бірі. Ол үшін «Star Trek» утопиялық көзқарасқа оптимизммен соққы жасап, шалғай өмірдің бар екендігіне көз жеткізеді. – Джереми Берлин
NG журналисі Эндрю Фазекас «Star Trek» астарында жатқан астрономия мен технологиялар жайлы толыққанды зерттеуін қағазға түсірді. Барлық кітаптарды shop. nationalgeographic.com сайтынан табасыз.
ТРАНСПОРТЕР
Ол күн де келер…
Жақын арада қол жеткізе қоймаспыз, бірақ ол күндер де келер. Телепортация бұрыннан бері физиктерге маза бермей келеді. Осыған дейін олар кванттық телепортация үрдісі арқылы, яғни жарық бөлшектерге енгізілген ақпаратты оптикалық талшық арқылы тасымалдай білді.
NBC ҮШІН ФОТОФЕСТИВАЛЬДЕ ТҮСІРІЛГЕН СУРЕТТЕР (СПОК); TM AND © 2016 CBS STUDIOS INC. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛҒАН