Қушық денелі зер қоңыз төмендегі аналықтарды бақылап, біраз тапжылмай тұрады. Үсті жарқыраған біреуін таңдаған соң, ол оған жақындап, өзінің шағылысуға дайын екенін білдіреді. Сол сәтте 4000 вольт тоқ ұрған қоңыз ұшып түседі.
Электрлі жемтікке жақындау – өлімге бетпе-бет келумен тең. Энтомолог Майкл Доминге қушық денелі зер қоңыздардың көзін жоюды қолға алған еді. Өйткені бұл жәндіктер 2002 жылдан бері Солтүстік Америкадағы жүздеген ерен ағашын зақымдаған болатын. Қоңыздарды ұстау үшін Доминге Пенсильвания университетіндегі әріптестерімен бірлесіп аналық қоңыздың бейнесін жасап шықты. Батареямен жұмыс істейтін жасанды қоңыз жанына жақындаған кез келген аталық қоңызды ұшырып түсіреді. Ғалымдар бұл жемтікті 3-D принтер көмегімен жасаған болатын. Алғашында аталық зер қоңыздар оған назар аударғанымен, беттей қоймаған. Сосын зерттеушілер оның денесін тура зер қоңыздікі секілді жасыл әрі жарыққа шағылысатындай барынша шынайы үлгіде жасады. «Егер біз олардың қайдан пайда болатынын ертерек білгенде, тез арада шара қолданар едік», – дейді Доминге – Патрисия Эдмондс
ТІРШІЛІК АЙМАҚТАРЫ
Қытайда кеңінен таралған қушық денелі зер қоңыздар 2002 жылы Мичиганнан табылды. Бүгінде АҚШ-тың 25 штатында және Канадада кездеседі.
ӨЗГЕ ДЕ ДЕРЕКТЕР
Зер қоңыз жұмыртқалары ерен ағашының ішкі қабығымен қоректеніп, оған зақым келтіреді.
Жануарлар әлеміндегі сүйіспеншілік пен қарым-қатынасқа негізделген жан-жақты зерттеу жұмысы
СУРЕТТЕР: РЕБЕККА ХЕЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ. ҚОҢЫЗДАР: ДЖОНАТАН ЛИЛИТО, USDA. ТҰЗАҚ: АКХЛЕШ Т ЛАКХТАКИЯ ЖӘНЕ СТЕФЕН СВИОНТЕК