..."/>
ЗЕРТТЕУ

Шөл даланың кемесі

01

Қазақ халқының ұлттық кәсібінде болсын, асыл дініміз бойынша да төрт түлік малдың ішінде түйе қасиетті саналған. Оның киелі саналатыны еті мен сүті мың түрлі дертке дауа ас болса, ал жүні мен терісінен киім-кешек жасалып, ұзақ сапарларға да малдың нақ осы түрі пайдаланылған. Себебі түйе шөлге шыдамды, ыстық-суыққа төзімді болғандықтан көшпенділердің ең қолайлы көлігіне айналды. Сондықтан болар қазақтар ойсыл қараның бас сүйегін ағаш басына әспеттеп іліп қоятын болған.

02

Жер бетінде түйенің екі түрі бар. Мұның қос өркештісін түйе десе, бір өркештіні нар деп атайды.

03

Ұрғашы түйе жыныстық жағынан 3 жылда жетілсе, ал бабы жақсы бура 5-6 жасында келеге түсіп, бір маусымда жиырмадан астам інгенді қайыра алады. Бураның күйі келген кезде аузынан ақ көбігін шашып, желкесін иығына соғып, артқы шабын құйрығымен ерсілі-қарсылы сабалап, тыныштық таппайды. Мұндай кезде бура адамға да айбат шегіп, шабуыл жасауы мүмкін. Қайылған қос өркешті інген он төрт айда боталайтын болса, нардың маясы он үш ай дегенде боталайды. Боталы түйе күніне он екі рет сауылады.

04

Жасында жақсы бағылған түйе қыстық азығын денесі мен өркешіне жинайтындықтан, қыста ұзақ уақыт шөп жемей, су ішпесе бойына жиған майымен қоректенетін де қасиеті бар.

05

06

Түйенің қолға үйретіліп, түлік ретінде қатарға қосылғанына да бес мың жылға жуық уақыт болды. Оның шыққан жері Солтүстік Америка деп саналғанымен қазірде ол малды Африка, Орталық және Батыс Азия елдерінен де кездестіруге болады. Ал Қазақстандағы түйелердің 90 пайызы еліміздің Батыс өңірлеріне шоғырланған.

07

08

Асыл тұқымды түйе 40 жасқа дейін өмір сүреді.

09

10

11

12

13

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля