..."/>
ЗЕРТТЕУ

Қойнауы құтқа һәм құпияға толы Алатау

Биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын Алатау – табиғаты әсем Қазақ жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады. Оның қазақ үшін орны бөлек. Алатауды ән-күйге қоспаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірә…

Жер жәннаты Жетісуға көрік беріп тұрған Алатаудың қойнауы құтты  – ауасы таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп. Шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде – орман, аңғарында – шалғын.

Қойнауы құпияға толы Алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған. Флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың Алатау аталатын ғажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие.

04

Тау жынысы пайдалы қазбаларға аса бай. Баурайы тіршілік үшін өте қолайлы:  жетпіс жыл бойы Қазақстанның астанасы болған Алматы қаласы осы таудың етегінде жатыр, Қарасай, Талғар, Талдықорған, Қапал, Жаркент сияқты көптеген қалалар да осы таудың баурайында. Қойнауында сандаған демалыс орындары, сауықтыру орындары салынған. Медеу мұз айдыны, түрлі спорт кешендері де келушілердің сүйікті мекеніне айналған. Алатаудың Хан-Тәңірі шыңы, Шарын шатқалы дүние жүзіне мәлім.

05

Алатау – Орта Азия мемлекеттері мен Ресейдің Сібіріндегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатау, Талас Алатау, Жетісу Алатау, Іле Алатау, т.б. жатады.

06

Жетісу Алатауы (немесе Жоңғар Алатауы) батыстан шығысқа қарай 450 шақырымға созылып жатыр. Тянь-Шань тау жүйесіне жататын Жетісу Алатауының ең биік нүктесі – Семенов-Тянь-Шанский шыңы тұсындағы Бесбақанның  биіктігі 4464 метрге жетеді. Тау биігін мәңгілік мұздақтар басқан. Мұздақтар мен қар, атмосфералық жауын-шашын таудан бастауын алатын өзендерге қорек береді.

07

Тау жүйесіндегі Жоңғар қақпасы аталатын жер Алатау тізбегіндегі ең танымал орындардың бірінен саналады. Жетісу Алатауы мен Барлық жотасының ортасындағы тектоникалық жыра Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік шекарасы арқылы өтеді. Оның тарихы да тереңде – бұл күре жол арқылы ежелде Орта Азия мен Қазақстанның көшпелі жұртының, Ұлы Жібек Жолының керуендері өткен, атақты Шыңғыс ханның жорығында да осы қақпа пайдаланылған деседі.

08

Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында 35 шақырымға созылып жатқан Іле Алатауының ең биік шыңы – Талғардың биіктігі 4973 метр. Іле Алатауында 381 мұздақ бар екен. Алатаудан Іле өзені өз бастауын алып жатыр.

09

Мұртын мұздақ басқан қарт Алатаудың ішіне бүккен сыры да қалың. Сандаған ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу нысанына айналған тасқа салынған суреттер, қорғандардың құпиясы терең. Тау қойнауында әлі де болса ешкім сырын ашып үлгермеген көненің көзі саналатын табиғи ескерткіштер, адам аяғы баспаған биік шатқалдар мен асулардың бар екендігі шүбәсіз.

10

Фото: Досжан Балабекұлы

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля