Ақшыл жасыл реңді, ұзынша қанатты, тауыс көзді көбелектер сондай әдемі. Дене тұрқы ойын картасындай ғана. Биолог ғалымдар Джесси Барбер мен Акито Кавахараның дәлелдеуінше, олар өте ақылды екен. Ғалымдар бұл жәндіктердің қанат ұшындағы өсіндінің тек әсемдік үшін емес, жауларынан қорғану үшін де жаралғанын анықтады. Тауыс көзді көбелектер аш жарқанаттардан сақтану үшін түрлі айла-тәсілдер жасайды. Тіпті, құйрықтары жұлынып қалса да, әрі қарай тіршілік ете беретін көрінеді.
Барбер және Кавахара: «Көбелектер мен жарқанаттар арасындағы «акустикалық соғыстың» жалғасып келе жатқанына 60 миллион жыл болды. Бұл ғылыми зерттеу ғалымдардың жан-жануарлар туралы білімдерін жетілдіріп, басқа да тіршілік иелерінің жауларынан қорғану тәсілдерін анықтауға түрткі болады деп ойлаймыз», – дейді. —Кэтрин Цукерман
ҚОРҒАНУ ТӘСІЛДЕРІ
СУРЕТТІ ТҮСІРГЕН: ДЭН УИНТЕРС. СУРЕТШІ. ДЖЕССИКА ВАНГ. ДЕРЕК КӨЗДЕРІ: ДЖЕССИ Р. БАРБЕР, БОЙС МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ; АКИТО И. КАВАХАРА, ФЛОРИДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ МУЗЕЙІ.