Оптимистер жалғызсырамайтын болды: адамдардың басым көпшілігі өмірдің жарқын жақтарын ойлап, сол туралы көбірек әңгімелескенді ұнататыны анықталды. Жақында Вермонт университетінде жүргізілген зерттеу нәтижесінде ғалым Питер Доддс пен оның әріптестері тілдердегі жағымды әмбебап ортақ құбылыстарды байқаған.
Доддс пен оның тобы кітап, әлеуметтік желі секілді 24 түрлі дереккөзден және 10 тілдің ішінен миллиардтаған сөз жинақтаған. Сосын әрбір тілде ең жиі қолданылатын 5000 сөзді сүзіп шықты. Адамдардың назарына ұсынылған бұл сөздерге жұртшылық тоғыз балдық жүйемен жағымдыдан жағымсызға дейінгі аралықта баға берді. Зерттеудің нәтижесінде адамдардың басым көпшілігі жақсы сөйлеуді жөн көретіні анықталды. Тіл ерекшеліктеріне қарамастан, сауалнамаға қатысқан елдің көбісі аударылған сөздерді бірдей бағалаған.
Пенсильвания университетінің филологы Марк Либерманның айтуынша, Доддстың ауқымды зерттеуі «адамдар жақсы ойға жақын» деген әзіл-шыны аралас пікірін растап шықты. — Джереми Берлин
Ортақ бақыт
Төл тілінде жиі кездесетін 5000 сөзді тоғыз балдық жүйемен бағалаған он тілдің өкілдері жағымды сөзге жаны жақын екенін аңғартты. Нәтижесінде кейбір тілдер басқа тілдерге қарағанда «жағымдырақ» болғанымен, олардың барлығынан ортақ құбылыстарды байқауға болады.
Таралуы
Екі тілдің балл диапазондарының бөлінуі ешқашан бірдей болған емес. Мысалы, қытай кітаптарында көптеген сөздер болымсыз диапазонда топталды.
Ең бақытты
Жалпылама алғанда испан вебсайттары ең жақсы бағаға ие болды. Алайда Доддстың айтуынша, ең маңыздысы – «барлығымыз да жақсы сөйлеуге бейім екеніміз айдан анық».
МЭТЬЮ ТВОМБЛИ, NG ЖУРНАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ. ДЕРЕККӨЗДЕРІ: ПИТЕР ШЕРИДАН ДОДДС ЖӘНЕ КРИС М. ДЭНФОРТ, ВЕРМОНТ УНИВЕРСИТЕТІ; БРАЙАН Ф. ТИНЭН, МИТРЕ КОРПОРАЦИЯСЫ